ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОРДАЙ АУДАНЫ

Жылыту маусымы басты назарда

          Күні кеше аудандық «Рухани жаңғыру» мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің комиисия отырысы өтті. Оған кеңес мүшелері қатысып, күн тәртібіне үш сұрақ енгізілді. Отырысты кеңінен баяндасақ. 

          Бұл күнгі кеңесті «Аграрлық саясат, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану, техногендік үдерістер, құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссия» төрайымы  Қарлығаш Қыпшақбаева ашып, жүргізді. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе Қордай ауданы бойынша елді мекендердің газбен қамтамасыздандыру туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қордай газ шаруашылығы бойынша зерделеу жұмыстарының қорытындысы қаралды. Ол бойынша аталмыш мекеменің техник қызметкері Нұржан Маншаров баяндама жасап, атқарылған жұмыстар жайына тоқталды. Баяндама тыңдалған соң, кеңес мүшелері бұл мәселе бойынша зерделенген жұмыстарды назарға алып, сұрақтарын қойды.

          Келесі кезекте жылыту маусымына аудан мектептерінің дайындығы, қысқы маусымда жылу режимінің сақталуы турасында Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Еркін Сарбағыштың есебі тыңдалды. Сондай-ақ, аудандағы су ресурстарының тиімді пайдалануы және ауыл шаруашылық ұйымдарының сумен қамтамасыз ету бойынша зерделеу жұмыстарының қорытындысы тыңдалды. Осылайша, күн тәртібіндегі барлық сұрақтар қаралып, шешім жобасы талқыланды.

 

Қордай аудандық Қоғамдық кеңес

Добавить комментарий