ЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР

Жуырда жатақхана мәселесі шешіледі

Үшінші әлеуметтік бастаманың Жамбыл облысында орындалуы туралы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Жамалов Талғат Салқанұлы баяндап өтті.

Оның айтуынша, облыстағы 3 жоғары оқу орнына 1887 орын және 3 техникалық кәсіптік білім беру орнына 750 орынға жатақхана қажеттілігі қалыптасқан (Барлығы – 2637 орын). Нақтырақ айтқанда 3 жоғары оқу орнының екеуінде жалпы сыйымдылығы 1264 орынға арналған жатақханалары бар (ТарМУ-804, ТарМПУ-460). 1887 студентке жатақхана қажеттілігі қалыптасқан (ТарМУ- 657, ТарМПУ- 780, ТИГУ-450).

Сонымен қатар, 3 колледжге 750 орынға жатақхана қажеттілігі қалыптасқан. 1. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжіне 300 орын (942 студент білім алуда), Жамбыл медицина колледжіне (2300 студент білім алуда), 350 орын қажеттілік бар.

Қазіргі таңда құрылысы жоспарланған жатақханалардың жобалық құжаттамаларын әзірлеу үшін инвесторлармен тиісті жұмыстар атқарылуда.

Конференцияда көтерілген мәселелер мен сұрақтар облыстық Қоғамдық кеңеске жолданды

Добавить комментарий