2020 жылБасқаларЖАҢАЛЫҚТАРЖУАЛЫ АУДАНЫНҚАӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жуалы ауданында мүгедек балаларды жеке оқыту бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 7-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және                өзін-өзі басқыру туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16 бабының 4 тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2020 жылғы 3 сәуірдегі № 165 қаулысына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жуалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы  21 қазандағы «Жуалы ауданында мүгедек қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»  № 7-4 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

           2-ші тармақтың 3 тармақшасындағы «тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы)» деген сөздер алынып тасталынсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау және                                      интернет – ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Добавить комментарий