2020 жылЖАҢАЛЫҚТАРЖУАЛЫ АУДАНЫҚаржы басқармасыӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жуалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 63-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының  26 бабына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Жуалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Жуалы аудандық мәслихатының  2020 жылғы 14 сәуірдегі № 63-3 шешімі қосымшасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4586 болып тіркелген, 2020 жылдың 4 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

Жуалы ауданындағы жайылымдардың геоботаникалық жағдайы туралы мәліметтің   бірінші бөлігіндегі «Оңтүстік Қазақстан облысымен» деген сөздер

«Түркістан облысымен» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджт және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жуалы аудандық мәслихат сессиясының төрағасы К.Бегалиев
 

Жуалы аудандық мәслихат хатшысы

 

Е. Тлеубеков

Добавить комментарий