2020 жылЖАҢАЛЫҚТАРЖУАЛЫ АУДАНЫҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМАӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

Жуалы аудандық Қоғамдық кеңестің 2020 жылдың атқарған жұмыстарының есебі

Қоғамдық кеңестер Елбасының ұйғаруымен Ұлт Жоспары- «100 нақты қадамның»  99 – қадамының талабына сай атқарушы билік пен азаматтық қоғамның арасындағы дәнекер, әрі ақыл қосушы, мемлекеттік органдардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуші, бақылаушы орган ретінде құрылған. Ұлт Жоспарында Қоғамдық кеңестер туралы былай делінген: «Мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы Қоғамдық кеңестердің стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларына, бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын, бағдарламалық
құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері мен мәртебесін заңмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру» болып табылады.
Жуалы ауданы Қоғамдық кеңесі 17 мүшеден тұрады. Қоғамдық кеңес мүшелеріне енген комиссиялар, кеңестер және басқа да жұмысшы органдар саны – 7. 2020 жыл басынан бір жылдық жоспар жасалынып, оның тиянақты және түпкілікті өткізілуіне әр кеңес мүшесі атсалысты. Қоғамдық кеңес жанынан үш комиссия құрылған. Олар өз жұмысын жоспарлы түрде, жылдық жоспарға сай, «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңы, Ережесі аясында жүргізуде. «Бюджет, қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері, білім, денсаулық сақтау жөніндегі» комиссияны Қоғамдық кеңес мүшесі
Ақсай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Кәрібай Құрмашев басқарады.
«Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер, әлеуметтік – мәдени салалар және қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі» комиссияны кеңестің мүшесі, аудандық мәслихат депутаты, №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның директоры Гүлнәр Мұсаханова және «Аграрлық саясат, ауылдық аймақтарды дамыту, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану, техногендік үрдістер, кәсіпкерлікті қолдау, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту мәселелері жөніндегі» комиссияны
Қоғамдық кеңестің мүшесі Әбуғали Ералиев басқарады. Қоғамдық кеңес жоспар бойынша 4 бағытта қоғамдық бақылау, қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, есеп беру бағыттары бойынша 70-ке тарта іс-шара жоспарланған. Бірақ пандемияға байланысты көп іс-шаралар қысқартылды. Жыл бойында 57-і іс-шара өткізілді. Жалпы мәселелерді талқылау бойынша – 21. Жергілікті жерлердегі туындаған проблемалар мәселелерді талқылау және келіп түскен арыз-шағымдар бойынша – 15. Қоғамдық кеңес қорытынды берген құжаттардың саны – 25. Қоғамдық кеңес қайта қарау үшін кері қайтарылған
құжаттар саны – 5. Олар Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Жер қатынастар бөлімі, Бауыржан Момышұлы әкімдігінің аппараты.
Қоғамдық кеңестің басты мақсаты – халыққа сапалы қызмет көрсету, олардың мұң- мұқтажын тыңдап, зерделеп, тиянақты көмек көрсету. Қоғамдық кеңестің атына аудан тұрғындарынан түскен өтініш, арыз-шағымдар дер кезінде, уақтылы қаралып, шешім қабылданды. Әр өтініштің, әр хаттың артында тұрған адамдарды ескере отырып, жыл бойындағы түскен хаттар тиянақты, мұқият тексеріліп, тиісті шара қолданылып отырды. Қоғамдық кеңеске түскен арыз-шағымдар: денсаулық сақтау саласына -2, «Жаулы-су» мекемесіне – 3, жер қатынастар бөліміне -5, «ТҮКШ, ЖК және АЖ» бөліміне – 3. Жазылған арыз-шағымдар бойынша Д.Төлегенова және Сабыралиеваның үйіне газ құбырын жүргізу үшін аудан әкіміне ұсыныс берілді. 2021 жылдың жоспарына газ құбырын жүргізу мәселесі жоспарға енгізілді. Б.Момышұлы ауылы, С.Бейбарыс көшесінің № 4 және № 5 үй тұрғындарына ауызсумен қамтамасыз ету биылғы жылы шешімін таппады, себебі ауызсу жүйесінің күн суықтығына байланысты, 2021 жылдың жоспарына енді. Денсаулық сақтау саласына түскен Айтқұлов Қайнардың, Пухов Василийдің өтініштері қанағатандырылды.
Жыл ішінде Қоғамдық кеңес өз жұмысын бірнеше бағытпен жүргізді.
Бірінші бағыт бойынша Қоғамдық кеңестің қызметінің мақсаты – қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша жұртшылықтың пікірін білдіру болғандықтан Заңның 5-бабының 1,2,3 және 5 тармақтарының талаптарына сәйкес аудандық бюджеттің жобаларын және олардың орындалуын бақылауға алып, атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға жеткізу туралы есептерін тыңдап, аудан
әкімдігінің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік- құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысты.
2020 жылы аудандық Қоғамдық кеңестің 39 отырысы өтті. Онда ұсынылған 25 құжаттар (шешім, қаулы және т.б.) бойынша барлығына қорытынды берілді. Олар білім беру, ауыл шаруашылығы салалары, аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджет туралы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәселелері, ауыл тұрғындарын газбен, электр энергиясымен қамтамасыз ету, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, автомобиль
жолдары және жолаушылар көлігі, сәулет және құрылыс мәселелері кеңес отырыстарында талқыланып, тиісті мекемелерге ұсыныстар жіберілді. Нормативтік- құқықтық актілер жобаларын қарау бойынша
36 құжат қаралды. Қоғамдық мониторинг – 16. Аудандық аурухананың 2019 жылдың атқарған жұмысына мониторинг жүргізілді. 2019 жылы 13 баланың қайтыс болуы, 2 баланың өліміне байланысты іс қозғалған. Ана өлімі орын алған. 30-ға жуық дәрігерлер жұмыстан шығып кеткен. «Мемлекеттік сатып» алу заңы бұзылған. 24 ФП санитаркалар кәсіпкер ретінде жұмысқа қабылданған, жыл сайын салық төлеп отырған. Президенттің ковид індетіне байланысты медицина қызметкерлеріне берілген көмек қаржысы аудандық аурухананың басшылығы медицина қызметкерлерінен ай сайын жинап отырған. Осы
мәлелелер туралы облыс әкіміне, қаржы полициясына ұсыныстар жасалынған, арыз-шағымдар берілген. Бүгінгі күні тергеу жұмыстары жүріп жатыр. «Казпочта» Акционерлік қоғамына мониторинг жүргізу кезінде анықталғаны: «Казпочта» тасымалдаушы қызметкерлерінің жалақысы 11 мыңнан 20 мың теңгені құрайды. Осыған байланысты газет журналдар өз уақытында оқырманға жетпей жатады. Осы мәселе туралы Облыс әкіміне, «Казпочта» АҚ төрағасына ұсыныстар жасалынған, бірақ жауап
берілмеді. Білім бөліміне 2019 жылы 25 млн. теңгеге 178 компьютер ашық конкурс арқылы алынған. Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік ішкі аудит басқармасы тексеру барысында заңсыздықтарға жол берілгені анықталған. Білім бөлімінің басшысына әкімшілік шара қолданылған. Мыңбұлақ ОМ, Герцен ОМ, № 1 мектеп гимназиясына, № 15 мектеп ОМ, Д.А.Қонаев атындағы мектеп гимназиясына, Дихан ОМ, Б.Момышұлы атындағы ОМ, А.Байтұрсынов атындағы ОМ-іне мониторинг жүргізу барысында
төмендегідей кемшілектер анықталды. Яғни азқамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға берілген мемлекеттік көмек, яғни киім-кешектерге бөлінген қаржы дұрыс берілмеген. Осы туралы Жуалы ауданының прокурорына өтініш жасалынды.
Мектептердегі асханалар бойынша барлық мектептерде берілетін ыстық тамақ калориясы көрсетілген ас мәзірі жоқ, сарымай берілмейді, жеміс-жидек аз, азық-түлік журналдары толтырылмаған, санитарлық жағдайлары кейбір мектептерде талапқа сай емес.
Үшінші бағыт бойынша Ақсай, Мыңбұлақ, Б.Момышұлы ауылдық округінің әкімдерінің есептері тындалған. Есеп беру барысында жол картасы арқылы № 3, № 4 Ақсай каналының жұмыстарына 5 млн. теңге қаржы бөлінгені айтылды. Қайрат ауылында Абай көшесіне 2 млн. 280 мың теңге бөлініп газ құбырларын жөндеген. Б.Момышұлы атындағы саябаққа жасалынған ағымды жөндеу сынға алынды, бөлінген қаржы 5 млн. 652 мың теңге. Бүгінгі күнге дейін жұмыс аяқталмаған. Өнім беруші «Жасыл-Жуалы» мекемесі. Жіберілген кемшіліктер туралы аудан әкіміне ұсыныс жасалынды. «Жасыл- Жуалы» мекемесі Ақсай ауыл округіне жұмысты уақытысында бітірмегені үшін 368 мың теңге қайтарып берілді.
Мыңбұлақ ауыл округінде 19 индикатор бекітілген, орындалғаны 15. Көлбастау ауылында жоспарға қойылған Ковешников көшесінің орта жөндеу жұмыстары орындалмаған. Қаражаттың болмауына байланысты. Байтоқов көшесінің төменгі жағына құм шағал төселмеген.
Б.Момышұлы ауылы 24 индикатор бекітілген, 4 индикатор орындалмаған. Аудан орталығындағы 14 көше орта жөндеуден өткен, сапасы өте нашар, шағал төселмеген, кейбір көшелерде топырақтын үстіне асфальт төсіленген, жаяу жүргіншілер жолының сапасы өте төмен, рәміздер тақташасына 7 млн. 440 мың теңгеге келісім шарт жасалынған, 5 бейне бақылау камерасын орнату үшін 4 млн. 376 мың теңгеге келісім шарт жасалынған.
Жіберілген кемшіліктер туралы аудан әкіміне ұсыныс жасалынды, Жамбыл облысының ішкі аудит мекемесімен тексеру жүргізілуде.
Төртінші бағыт бойынша Жуалы ауданында «Жол картасы» бойынша 2 млрд. 600 млн. теңге бөлінген. 7 ауылға газ құрылысы жүргізілген: Шыңбұлақ ,Қосмұрат, Майбұлақ, Қоңыртөбе, Тасбастау, Кәріқоған, Кәріқоған, Күреңбел. 10 ауылға ауызсу жүйесі тартылған: Теріс, Ақбастау, Шыңбұлақ, Майбұлақ, Қосмұрат, Алатау, Жұрымбай, Сұрым, Теріс- ащыбұлақ, Ынтымақ. Жұмыс барысында жіберілген кемшілектер туралы аудан әкіміне ұсыныстар жасалынды. Аудандық Қоғамдық кеңес азаматтық қоғамның мүддесін білдіру және мемлекеттік шешімдерді, жергілікті маңызы бар мәселелерді талқылау әрі қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескерту, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс- қимыл жасауын дамыту, олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыстық «Знамя труда», аудандық «Жаңа өмір»-«Новая жизнь» газеттеріне 2020 жылы 12 айында 19 мақала жарияланды.
Қоғамдық кеңестің мүшелерінің білімділігі мен белсенділігі және әрбір мәселеге жанашырлықпен, жоғары жауапкершілікпен қарауының арқасында қоғамдық ұйым өз жұмысын ашық және жариялы түрде жүргізуде. 2020 жылдың бүгінгі таңға дейін белгіленген барлық мәселе тиянақты қаралып, шешімін тапты.

Жуалы ауданы Қоғамдық кеңестің төрағасы                                        С.Жұмашев

Добавить комментарий