2020 жылЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМАҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАРТАЛАС АУДАНЫ

 Жоспарға сай жұмыстар жүргізілді

Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің 2020 жылдың жоспарына сәйкес 8 отырыс өткізіп, 10 мекеме басшыларының есебі тындалды, бір кәсіпорында зерделеу жұмыстары жүргізілді (Талас таза-су). Қаралған мәселелер:

  • – Аудан әкімі Б.Қазанбасовтың “2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары және 2020 жылы алда тұрған міндеттер туралы”, мәслихат хатшысы А. Тулебаевтың, Қоғамдық кеңес төрағасы А. Бектайдың жыл ішінде атқарған жұмыс есептері
    тындалып, қоғамдық кеңестің 2020 жылға жұмыс жоспары бекітілді;
  • – Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарты жайлы атқарылған жұмыстары бойынша 2 бөлім, 1 ауыл әкімі тындалды (сәулет, қала құрылысы және құрылыс пен білім бөлімдері және Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты);
  • – Екі мәселе 2019 жылы қаралып, 2020 жылы орындалғаның мекеме басшылары баяндады. Ол, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі мен “Таза Талас” мекемесі;
  • – Қалған мәселелер мекеменің атқарылған жұмыстары, оның ішінде – аудандық қаржы бөлімінің 2019 жылы бөлінген қаражаттың игерілуі, “Талас таза-суһ” кәсіпорының үш жылдағы жасаған жұмысы, Талас аудандық полиция бөлімінің құқық бұзушылық пен мал ұрлығын азайту мақсатында атқарып отырған жұмыстары, Қаратау қ. көпқабатты үйлерде орналасқан дүкендердегі спирттік ішімдіктердің, оның ішінде құйылмалы ішімдіктер сатылуына қадағалау және тыйым салыну жұмысын қолға алу, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2019 жылғы бюджеттік жоспарлау  барысында әлеуметтік сала мен мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаражаттың жеткіліктілігі және сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне алдын алу бағытында атқарған жұмыстары.

Отырыстардың нәтижесінде ұсыныстар беріліп шешімдер қабылданды. Қоғамдық кеңестер туралы” Заңының 7 бабын басшылыққа алып, халықты хабардар ету үшін өткен отырыстар және қабылданған шешімдер жайлы, отырыс өтетіні туралы хабарландырулар бұқаралық ақпарат құралдарына 21 мәлімет жіберілді оның ішінде «Талас тынысы» газетіне – 14, qkenes.kz@gmail.com ресми сайтына – 6 және “Жамбыл”  телеарнасына – Жыл басынан 29 нормативтік құқықтық актілердің жобалары (қаулы, шешім жобалары) қаралып ұсынымдар берілді.

Есепті мерзімде 3 арыз-шағым, өтініштер түсті, оның ішінде бір топ такси жүргізушілердің мәселесі оң шешімін тапты, ал қалған екі өтініш (пәтер алу кезегі жайлы және жайылым жерлерді қайтару бойынша)
мемлекеттік органдарға жіберіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті жерлерде туындаған проблемалық мәселелерді талқылау үшін қала, ауыл тұрғындарымен тұрақты түрде кездесулер өткізілуде, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жыл басынан 74 кіріс, 120 шығыс құжаттар реттелді.

 Талас аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы                                  Бектай Ақынбек

 

Добавить комментарий