2019 ЖЫЛҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОРДАЙ АУДАНЫ

Жолдаудың басым бағыттары

  2019 жылдың 5-ші қырқүйегінде «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері мен  БАҚ өкілдері қатысып, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы кеңінен талқыланды.

          Жиында алғаш сөз алған  «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дамира Сүгірбай Жолдаудың басым бағыттары жайында сөз қозғап, оның әлеуметтік саладағы көптеген мәселелердің шешімі табылуына үлкен сеп болғалы отырғанын айтты. 

    – Жолдауда дарынды балаларға ерекше көңіл бөлуді және атаулы әлеуметтік көмектің жұмыс істеп жүрген адамдарға берілуі туралы тапсырма берілді. Көпбалалы аналарға үй жағдайында кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік жасау туралы тапсырма берілді. Зейнетақы қорының бір бөлігін үй алуға және білім алуға жұмсауды жыл аяғына дейін қарастыру туралы ойлары да көпшілікті бір қуантты. Бұл Жолдаудың ерекшелігі әлеуметтік салаға көп көңіл бөлініп, атқарылатын іс-шаралардың әрбір қазақстандық азамат үшін маңыздылығы мен өзектілігінде, – деп өз ойын ортаға салды аудандық қоғамдық кеңес төрайымы Баян Қарамолдаева.  

          Осыдан кейін қоғамдық кеңестың алдағы төрт айға жұмыс жоспарын нақталанды. Сонымен қатар, жиын барысында мектептердегі аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамту туралы мәселелер қаралып, онда бірқатар нақты шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.

 

Добавить комментарий