БасқаларЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫЖУАЛЫ АУДАНЫТАЛАС АУДАНЫ

Жергілікті маңызы бар «Жуалы-Қарашат» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес                                                                                                                                                                                                                                                                                      Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жуалы, Жамбыл және Талас аудандарының аумақтарында осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес шекара шегінде жалпы алаңы 148300 гектар жергілікті маңызы бар «Жуалы-Қарашат» мемлекеттік табиғи қаумалы (бұдан әрі-Қаумал) құрылсын.
  2. Қаумалдың аумағында осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелерінің, жер пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметтеріне шектеу белгіленсін.
  3. Қаумал «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жуалы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілсін.
  4. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын  бақылау облыс  әкімінің  орынбасары  М. Шүкеевке жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                               А. Мырзахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий