НҚА

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған  мемлекеттік  білім беру тапсырысын  орналастыру туралы  Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 

 

                                                                                

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті мәліметтер тізбесі Мемлекеттік орган-әзірлеушінің ақпараты
1. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы  27 шілдедегі Заңының 6-бабының  2-тармағының 8-тармақшасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді

3. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдар Аталған жоба  қабылданған жағдайда  білім беру гранттары өңірдегі кадрлар қажеттілігіне сәйкес бөлініп, Қазақстан Республикасының  азаматтарының жоғары білім алуға қолжетімділігі қамтамасыз етіледі
4. Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме Жамбыл облысы маслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы

№30-3 шешімімен облыстық бюджет есебінен 9 млн.264 мың   теңге қарастырылды.

5. Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі Қаулы жобасы қабылданған жағдайда жоғары білімнің  қолжетімділігін қамтамасыз ету, өңірдің кадр тапшылығын азайту, білікті мамандарды даярлау сынды мақсаттарға қол жеткізіледі
6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер Жобада қаралатын мәселелер бойынша әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын қабылданған актілері  жоқ
7. Әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын қабылданған актілерін кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі Жоқ
8. Әкімнің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері Жоқ
9. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат Қаулы жобасы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

jambyl-bilim.kz сайтында орналастырылды

10. Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) Қаулы жобасы Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында                 (zhambyl.gov.kz,31.07.2019ж.), орналастырылды
11. Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер Қаулы жобасы облыс әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесімен келісілді  (31.07.2019ж, №13)
12. Актіні қабылдағаннан кейін оны мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына ұсынудың қажеттігі Жоба қабылданғаннан кейін облыс әкімдігінің білім басқармасымен мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына ұсынылатын болады
13. Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер Қаулы жобасы Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында (zhambyl.gov.kz,31.07.2019ж.), Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының сайтында                          (jambyl-bilim.kz,31.07.2019ж.) орналастырылды
14 «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты емес
15 Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде) Жоқ
16 Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер Жоқ
17 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер Қаулы  жобасына  Жамбыл облысының Кәсіпкерлік палатасының қорытындысы алынды
 

18

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер Қоғамдық кеңестің Қаулы жобасы бойынша ұсынымдары алынды (2.08.2019 ж. №123 хат ).
19 Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер Қаулы жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталына көпшілік талқылауы үшін орналастырылды (22.07.2019 ж)
20 Өзге де мәліметтер Жоқ

 

 

 

Жамбыл облысы әкімдігі

білім басқармасы басшысы                                                    Р.Тұрмаханбетова

 

Білім басқармасының персоналды

басқару бөлімінің басшысы                                                          А.Махашева

 

 

Әкімшілік құқықтық бөлімінің

басшысы,  заңгер                                                                 Н.Қорғанбай                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий