2020 жылБасқаларЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫЖАҢАЛЫҚТАРНҚА

«Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                 23 қаңтардағы Заңына, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 326 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде                       № 2907 болып тіркелген, 2016 жылдың 23 қаңтарында «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3. Осы  қаулының орындалуын  бақылау  облыс  әкімінің   орынбасары    Б. Нығмашевке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                      Б. Сапарбаев

Добавить комментарий