2020 жылДенсаулық сақтау басқармасыЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысындағы коронавирустың ағымдағы жағдайы туралы

Ағымдағы жылдың 29 шілдесіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 52 жағдайы тіркелді, оның 28-і симптомдық, 24-і симптомсыз.

Атап айтсақ, Тараз қаласында 20 симптомдық жағдай анықталса, ал Мойынқұм ауданында 3, Меркіде 2, Қордай, Жамбыл және Т.Рысқұлов аудандарында 1 жағдайдан тіркелген.

Ауыр жағдайдағы симптомдық тасымалдаушылар жұқпалы және уақытша ауруханаларға жеткізілді. Жеңіл және орташа дәрежелі науқастар үй карантинінде ем алуда. Олармен байланыста болған тұлғалар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция шаралары жүргізілді.

Сондай-ақ, Тараз қаласында 8 симптомсыз жағдай, Шу және Қордай аудандарында 4 жағдайдан, Талас ауданында 3, Меркі ауданында 2, Байзақ, Мойынқұм және Жамбыл аудандарында 1 жағдайдан расталған.

Олардың барлығы үй карантиніне алынды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 29 шілдесіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 3443 жағдайы тіркелді. Барлығы 1471 науқас емделіп шыққан.

Добавить комментарий