2020 жылБасқаларЖАҢАЛЫҚТАРНҚА

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының  2020 жылдың 20 сәуірдегі № 53-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2020 жылға Т.Рысқұлов ауданының елді мекендеріне жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы»  Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының  2020 жылдың 20 сәуірдегі № 53-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына,        «Агрокәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ЕТТІ:

1. Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2020 жылдың 20 сәуірдегі № 53-10  шешімінің 1-ші тармағы  төмендегі редакцияда бекітілсін:

«Аудан әкімі мәлімдеген қажеттілікті ескере отырып, Т.Рысқұлов ауданының ауылдық елді мекендеріне 2020 жылға жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне  әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері айқындалсын» .

2.Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихаттың хатшысы :                                                                   Т.Джаманбаев

Добавить комментарий