«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне толықтырулар енгізілсін.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын басқа да қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.
Облыс әкімі А. Мырзахметов
Б.С. Орынбеков Р.Р. Дәулет
Е.А. Дауылбаев Г.Ә. Жауынбекова
Н.С. Календеров Р.Ә. Исаева
С.С. Құрманбекова А.Ұ. Оразбеков
М.Ж. Шүкеев Б.Б. Нығмашев