НҚА

«Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                         23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №266 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4067 болып тіркелген, 2019 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкісінде жарияланған)  мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген “Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтар” мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:

 

3 Меркі 1 1 73˚ 27′ 49,00″ 42˚ 43′ 48,00″ 2 Меркі ауданы
2 73˚ 27′ 52,00″ 42˚ 43′ 46,00″
3 73˚ 27′ 46,00″ 42˚ 43′ 35,00″
4 73˚ 27′ 43,00″ 42˚ 43′ 36,00″

 

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                      А. Мырзахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий