2019 ЖЫЛБАЙЗАҚ АУДАНЫНҚА

Жамбыл облысы Байзақ ауданының Мырзатай және Сазтерек ауылдық округтерінің шекарасын  (шегін) өзгерту туралы  

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы нормативтік құқықтық актінің 1,2 қосымшаларына сәйкес экспликация бойынша мемлекеттік жер қоры, меншік иелері және жер пайдаланушылардың жерлері есебінен:
  • 40,414 гектар қосылуымен Жамбыл облысы Байзақ ауданының Мырзатай ауылдық округінің;
  • 12,37 гектар қосылуымен Жамбыл облысы Байзақ ауданының Сазтерек ауылдық округінің шекаралары (шегі) өзгертілсін.
  1. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевке жүктелсін.
  2. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі       А.Мырзахметов Облыстық мәслихаттың

сессиясының төрағасы        

                            

 

   Облыстық мәслихаттың  хатшысы

     Б.Қарашолақов

 

Добавить комментарий