2020 жылБАЙЗАҚ АУДАНЫБАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМАҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің 2020 жылдың I-жартыжылдығына жоспарланған жұмыстарының атқарылу барысы туралы АҚПАРАТ

Облыстық Қоғамдық кеңес (ары қарай Кеңес) өзінің 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарлаған жұмыстарының негізгі бағыттарын олардың жоспарланған кезеңіне сай атқарып
отыруға басты назар аударды:
Кеңес президиумы ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» қолданыстағы Заңынының 7 бабы, 2 тармақ, 3-тармақшасы талаптарына сәйкес жұртшылық алдындағы өткен 2019 жылғы жұмыстарының есебін
жүйелеп, интернет ресурстары (qkenes.kz) және жергілікті ақпарат құралдары арқылы қоғамдық ортаның назарына ұсынды. Кеңестің өткен жылғы атқарған жұмыстарының жазбаша есебі Қоғамдық кеңестің президиумы отырысында да талқыланып, толықтырылды… Сонымен бірге, жылдық есеп Жамбыл облысы әкімі мен облыстық мәслихаттың хатшысы, мәслихат депутаттары, облыстағы барлық деңгейдегі Кеңестер төрағалары мен облыстық басқармалар басшылары, ақпарат құралдары өкілдері қатысқан жиында да өз бағасын алды… Кеңес комиссиясы төрағалары мен мүшелері тарапынан атқарылуға тиісті жұмыстар мен алдағы міндеттер жүйесі кеңінен талқыланды. 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылуға тиісті жұмыстардың негізгі тармақтары болып мына төмендегі іс-әрекеттер танылды:
– көпбалалы аналар мен басқа да тұрмыстық әлеуеті кенжелеп қалған отбасыларына мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек;
– пандамея үрдісі ұзарып кеткен жағдайда азаматтардың әлеуметтік қуаттарының әлсіреп кетпеуіне қоғамдық бақылау жасау;
– пандамеяға байланысты көлемі сөзсіз артатын жұмыссыздыққа тосқауыл қою мақсатын көздеген қоғамдық бақылау процедурасын жүргізіп отыру;
– өңіріміздегі ұлтаралық келісім мен жарасымды нығайту;

– азаматтық қоғам өміріндегі ішкі тәртіпті күшейту;
– бағаның өсуіне тосқауыл қою жолдарына мониторинг жүргізу;
– жастар мен жасөспірімдер арасындағы тәрбие жұмысын жандандыру;
– аймақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламаларының

Жамбыл облысы аумағындағы ахуалына қоғамдық бақылау жасау;
– COVID-19 коронавирусының таралуына тосқауыл қою шараларының барысын бақылау;
– пандамеялық індеттің келтіретін тұрмыстық-әлеуметтік, экономикалық-шаруашылық зияндарының орасан зор екендігіне барлық мүмкіндіктер шегінде қоғамдық- әлеуметтік ортада түсініктеме жұмыстарын жүргізу;
– Мемлекеттік органдар тарапынан қабылданатын карантиндік шаралар тәртібінің қатаң сақталуына қоғамдық бақылау жасау және карантиндік тәртіптің біржолата алынуы немесе оның бәсеңдетілуіне себеп болатын өлеуметтік ұстанымдарды жетілдіруге арналған атқарушы билік талаптарының сақталуына ат салысу деп танылды.
Есепті уақыт аралығында облыс аумағында орын алған оқыс оқиғаға байланысты Кеңес төрағасы бастаған арнайы топ Шу ауданына қарасты 12 елді мекенді аралап жергілікті көпшілік қауымның пікірін тыңдады және Қордай ауданының бірнеше ауылдарында болып, әлеуметтік алқалы топ ортасында кездесу- пікір алмасулар өткізді, жергілікті баспасөз беттерінде арнайы мақала жариялап, кәзіргі уақыттағы ұлттық бірлік пен ұлтаралық татулықтың маңыздылығы туралы кеңінен әңгіме қозғады. Пікір
алмасу-кездесулердің негізгі арқауы: «қоғамдық келісім, ұлттар арасындағы татулық – елдігіміздің абыройлы, қуатты мемлекет ретінде қалыптасуының негізі» ұстанымын ұлықтап қалыптастыру, елдіктің биік мұраттарын қолдау болды. Сонымен бірге әлеуметті толғандырып отырған мәселелер төңірегіндегі талқылауларға қатысып, оларға арналған арнайы хаттамалар толтырды, хаттамаларды атқарушы билік
тармақтарының назарына ұсынды… Кездесулер барысында қүнды-құнды пікір-ұсыныстар айтылды! Мысалы, Ақсу ауылының тұрғыны, зейнеткер Оңлахан Сырлыбаев: «Ауыл жағдайы жақсы, жолымыз асфальт, жарығымыз жанып тұр, ауыз-су мен қамтылған. Кәзіргі дамыған заманда интернеттен қажетсіз артық ақпараттарды көріп, дүңген халқының
жастары сақшылырға бағынбай жастарды ашындырды… Сондықтан да, бүгінгідей жиналыстарды тыныш жатқан қазақ ауылдарында емес, сол дүңген ауылдарында жиі өткізіп, дүңген ақсақалдарын жастарды патриотизм рухында тәрбиелеуге шақырып отыру керек. Басты назар аударатын бір мәселе, ең маңызды қатынас құралы тілді меңгеруге, дүңген ұлтының жастары ана тілімен бірге, мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеруге бейімделуі керек, – деп жанды да орынды ұсыныс айтса, Белбасарлықтұрғындар ауыл клубын жөндеу, таза ауыз-су желісін тарту мәселелерін қозғады. Жекелеген сұрақтар 2019 жылдан бастап ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды көздеген өсімі 2,5 пайыздық пилоттық жобаның
ары қарайғы барысына арналды… «Бірлік» ауылының ақсақалдары – Қордай ауданында орын
алған келеңсіз жағдайды тілге тиек ете келе, өздерінің жекелеген пікірлерін ортаға салды.
«Бірлік» ауылының көп ұлтты екендігін, ауылда тату-тәтті де бейбіт өмір жағдайында 15-16 ұлттың өкілі өмір сүріп жатқандықтарын мақтан ете айтты. Осы тәрізді ұсыным-бастамалар ауданның барлық елді мекендеріндегі басқосуларда өткен әлеуметтік кездесулерде айтылып жатты. Бірінші тоқсанда орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан түскен қолданыстағы заңдар мен заңнамалық актілерге
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістерді қараған Кеңес президиумы, келешекте заң органдарында тіркеліп айналымға енгізілетін нормативтік-құқықтық актілер жөніндегі өз ескертпелері мен ұсыныстарын тиісті атқарушы мекемелерге жазбаша түрде тапсырды. Есепті кезеңде 13 отырыс өтті, оның ішінде 4
кеңейтілген отырыс және 9 президиум отырыстары өткізілді. Қоғамдық сараптамадан өтіп, тұрмыстық-өндірістік ортадағы айналымға енгізілген нормативтік-құқықтық актілердің (НҚА-дің)
барлық саны 37 бірлікті құрайды. Олар азаматтық қоғам құрылысына қажетті құқықтық-нормативтік талаптардың барлық  саласын қамтыған құжаттар! Осы маусымда Заң талаптарына сәйкес облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысының өткен 2019 жылы атқарылған тұрмыстық-өндірістік, шаруашылық-индустриялық салалар бойынша өңірді дамытуға арналған іс-шаралар жөніндегі Қоғамдық
кеңес мүшелері алдындағы облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың есебі тыңдалып, облыс мәслихатының хатшысы Б.Ж.Қарашолақовтың есебі Кеңес мүшелерінің назарына ұсынылды. Кеңес төрағасы
С.Ә.Сейдәзімовтың төрағалығымен өткен есепті кездесуге, облыс аудандары мен Тараз қалалық Кеңестерінің төрағалары, облыстық басқармалар басшылары мен депутаттар, қоғамдық бастамашыл топтардың жетекшілері, баспасөз өкілдері қатысты. Есепті жиында азаматтық қоғам мен халықтық-әлеуметтік орта арасындағы ақылдасу алаңы болып қалыптасқан Қоғамдық кеңес институтының
өткен жылы атқарған жұмыстары мен болашақта іске асырылар жұмыстары жөнінде де кеңінен әңгіме болып, тиісті ұсыныс- пікірлер айтылды. Есепті кездесудің барысында Кеңестер төрағалары мен кездесуге ресми шақырылған азаматтар тарапынан ұсыныс-пікірлер мен бастамалардың ресми хаттамасы жасалып, ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының Жалпы Ережелер тармағы 8
тармақшасына негізделіп бекітілді. Бірінші тоқсанда Кеңес төрағасы мен оның көптеген мүшелері осы мерзім межесінде Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған оқыс жағдайлардың қайталанбауы мақсатын көздеп, аталған аудан жұртшылығымен кедесіп, пікір алмасу үшін Қордай ауданына бірнеше рет іс-сапарларға шықты. Жағдайдың алдағы барысы Кеңес президиумының тұрақты бақылауына алынған! Осы кезеңде өз өндірістерін – жеңіл өнеркәсіп саласын (аяқ киім тігу, бағалары арзан күнделікті қажет тұрмыстық- шаруашылық бұйымдарын өндіру, т.с.с.) дамытуға арнағысы келетін немесе бұрын жұмыс істеп тұрған шағын өндіріс салаларын жандандыруды мақсат еткен бастамашы топ өкілдерімен кездесу- пікір алмасу өткізілді. Олардың негізгі талаптары мен ұсыныстары – өндіріске лайықты ғимараттар бөлу, коммуналдық төлемдерді өтеуге, станоктар мен аспап-механизмдерді алуға тиімді кредиттерді қарастырудан тұрды… Бұл мақсаттарымыз іске асқан жағдайда:
а) жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықты қысқартуға ықпал етіп;

б) импорттық тауарлар тасқынына белгілі мөлшерде шектеу қоя алар едік – дейді бастамашыл топ… Азаматтардың бұл талап-тілектері атқарушы билік тармақтарына жеткізілді… Жоспарда көзделген кеңестер мен қоғамдастықтардың Үйлестіру Орталығында өтуге тиісті семинар мен облыс шаруашылықтарын қолдау арқылы өңірлерді дамыту мақсатын көздеп қабылданған пилоттық жоба тізіміндегі 11 ауылдық округ басшыларының есептерін талқылау жұмыстары белгілі себептерге байланысты кейінге қалдырылды…
Осы жылдың наурыз айының 06-жұлдызында қабылданған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы Кеңес президиумының арнайы отырысы өтіп, алдағы атқарылар міндеттерге қызметтік анализ жасалды. Онда кеңес мүшелері болуы ықтимал тәуекелдердің өлкемізге әкелер өзгерістеріне қашанда
дайын болуымыз керек дейтін тоқтамға келіп, негізгі мақсат-мұрат– адамдар және олардың қауіпсіздігі дейтін шешім қабылдады. Есепті кезеңде Кеңес басшысы мен оның мүшелері көптеген органдардың жанынан құрылған комиссиялар мен арнайы топтардың талқылау-ақылдасу отырыстарына қатысып өз
пікірлерін білдіріп келді. Қоғамдық мәні бар мәселелер бойынша өз ұсыныстарымен бөлісіп, қоғамдық топтар арасындағы талап- тілектер бағытын ортаға салып отырды. Сонымен бірге, Қоғамдық кеңес президиумы, ауылшаруашылығын қолдау мақсатында мемлекет тарапынан бөлінген бағасы арзандатылған дизель отынының нақты және жеткілікті таратылу көрсеткіштерін, өткен наурыз айының ортасынын бермен қарай өз бақылауына алған. Бұл жұмыстар да өз жалғасын табуда… Ақпараттар өз кезегінде жаңартылып отырды. Наурыз айының соңғы күндерінде жарияланған ҚР президентінің Мәлімдемесінде, елімізде жарияланған Төтенше жағдайдың тұрмыстық-әлеуметтік және өндіріс- шаруашылық жұмыстарына келтіріп отырған қиыншылықтарынан өтудің нақты механизмдері қарастырылған. Мемлекет тарапынан көрсетілетін айқын көмектердің:
– жұмыстан уақытша қол үзіп қалғандарға кеңейтілген тізім бойынша берілетін 42,500 теңге;
– міндетті төлемдерді 10% индекцациялау;

– ауыл шаруашылығы нысандарына көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған (165 т.) бағамен дизель отындарын бөлу;
– денсаулық саласында – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – МӘМС (ОСМС) тәртібінің аясында, олардың нақты көрсеткіштік мәліметіне қарамай барлық азаматтарға кедергісіз қызмет көрсету;
– білім беру мекемелеріндегі алыстан оқыту тәртібінің сапасы және басқа да мәселелер бойынша президент Мәлімдемесінде Қоғамдық кеңестерге берілген тапсырмалар шегінде жұмыстар жүргізіледі және мәселелер Кеңестің тұрақты қоғамдық бақылауында болады.
Осы мерзім ішіндегі назар аударатын жұмыстардың бірі –  қоғамдық ортаны толғандырып отырған маңызды мәселелер: облыс өңіріндегі қоғамдық тәртіптің сақталуы, заңның қаталдануына қарамай ел арасында әлі де кездесіп отырған ауыр қылмыстардың бірі – мал ұрлығының алдын алып, оған
тосқауыл қою, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Аталған проблемаларды жоюға бағытталған барлық азаматтарға ортақ күрестің алдыңғы шебінде жүрген полиция қызметкерлерінің, оның ішінде – полиция қызметінің учаскелік инспекторлар құрамы атқаруға тиісті жұмыстарға қоғамдық анализ – бақылау жасау болды. 2020 жылдың 12 масымында Жуалы аудандық әкімдігі базасында өткізілген Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі президиумының кеңейтілген Отырысында осы мәселелер кеңінен сөз болды. Отырысқа: сол тұстағы карантиндік режим талаптарын сақтай отырып, облыс аудандарындағы Қоғамдық кеңестер төрағалары, іс-шара өтіп жатқан аудан көлеміндегі учаскелік инспекторлар құрамы, Жуалы ауданымен іргелес жатқан жақын аудандар әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері мен мамандары, облыстық ПД-ның басшылық құрамының
жауаптылары мен кейбір аудандардың аудандық полиция бөлімдері басшылары қатысып, өлкеде қалыптасқан жағдай туралы кеңінен пікір алмасты. Дайындық жұмыстарының тәртібі мен талаптары алдын-ала облыстық ақпарат құралдары арқылы жарияланып, облыс тұрғындарының назарларына мамыр айында ұсынылған болатын. Сондықтан да болар, талқылау Отырысына жұртшылықтың
қызығушылығы өте жоғары болды. Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің президиум мүшелері қызу ат салысқан Отырыстың 6 тармақтан, 3 қосымша тармақшадан тұратын арнайы Қаулы мәтіні қызу талқыланып, бекітілді. Қаулы мәтінінде қаралған қоғамдық – әлеуметтік, экономикалық –
шаруашылық ұсынымдардың маңыздылығын ескеріп, оның толық мәтінін келтіреміз:
« 1) Полиция қызметінің учаскелік инспекторларына – елді мекендердегі мал иелеріне, фермерлер мен шаруа қожалықтары жетекшілеріне – аталған мәселелерге тікелей байланысты 2019 жылы 27 желтоқсанда «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжатында қаралған талаптар, оның ішінде Заңның 188-2-3-4
тармақтарын кеңінен насихаттау жұмыстарын барлық ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен үздіксіз жүргізіп отыруды қамтамасыз ету ұсынылсын; Насихат жұмыстары кезінде – ҚР Азаматтық Кодексі
негізінде мал иелерінің жеке жауапкершілігін айқындаған ұстанымдардың да ескеріліп отырылуы назарға алынсын; Ауылдық округ әкімдеріне – жергілікті бюджет есебінен, немесе азаматтық келісім-шарттарды қоғамдық реттеу арқылы бақташыларды материалдық жағынан көтермелеп, бақташы, меншік иесі, округ әкімдігінің қатысуымен жасалатын үш жақты азаматтық жауапкершілік шартнамасын түзу қағидаты ұсынылсын;
2) Мал ұрлығы қылмысы мен басқа да құқық бұзу әрекеттерінің алдын алу мақсатында, аудандық және барлық округтердегі әкімдіктердің жанынан – құрамына жергілікті полиция өкілдері, учаскелік инспекторлар, «Нұр Отан» партиясының, оның Жастар қанатының , Қоғамдық кеңестердің, Ардагерлер ұйымының, түрлі деңгейдегі маслихат депутаттарының, жергілікті бастамашыл топтардың өкілдері кіретін үйлестіру кеңестерін құру ұсынылсын;
3) Облыстық Полиция департаментіне – аудандардағы өз бөлімдерінде аталған қылмыстардың, әсіресе мал ұрлығы қылмысының орын алған аумағына уақыт оздырмай жететін жедел топтар қызметін қалыптастыру, барлық ауыл-аймақ көлеміне тиесілі мал жайылымы телімдері мен олардың электрондық карталарын түзіп, оларға кіріп-шығатын жолдар картасын жасауды қолға алып, мүмкіндігіне қарай дрондық бақылау тәсілін іске асыруға күш салу ұсынылсын; Азаматтық қоғамның белсенді өкілдерінің, кейбір мал иелерін жұмылдыру арқылы өріске шығатын мал санының тізбесі жасалынып, қажетті жағдайда қоғам белсенділері мен учаскелік инспекорлар, олардың ерікті көмекшілері (мал иелері) тарапынан құрылған арнайы топтар қызметіне қатысып, жайылым аумақтарына патрульдік қадағалау жүргізуді іске асырудың тәсілін реттеу жолдары ұсынылсын;
4) Аудандық, ауылдық округ әкімдіктерінің арнайы қызметкерлері (ветеринарлық, құқықтық бақылау т.б.) аудан көлеміндегі мал базарлары жауаптыларымен тығыз байланыс орнатып, ветеринарлық құжаттары, есепті бірегейлендіру белгілері (сырғалау) жоқ малдарды базарға кіргізуге тиым салу жөніндегі бұрын рәсімделген мемарандумдардың қатаң сақталуына бақылау жүргізу ұсынылсын; Облыстық ветеринария басқармасы мен оның аудандық ветеринария қызметі бөлімдері – мал иелеріне, фермерлік-шаруашылық құрылымдарға, ауыл әкімдеріне мемлекетіміздің ветеринария жөніндегі Заңына сәйкес талаптарды күшейту ұсынылсын;
5) Ауылдық округ әкімдері мен жергілікті полиция қызметі өкілдеріне:
а) учаскелік инспекторлар құрамы мал ұрлығы қылмысы мен  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 406 – бабына  сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын дала жайылымдарына қараусыз-бақылаусыз жіберген тұлғаларға өз әрекеттері нәтижесінде туындайтын азаматтық жауапкершілік бабы
қолданылуы мүмкін екендігі үнемі ескертіліп отырылуын жүйелі түрде насихаттап іске асыру;
б) аумақ көлеміндегі ақпараттық порталдарда аталған бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерін үздіксіз жариялап отыру;
в) аталған қылмыстардың алдын алу процесстерін жандандыру үшін азаматтық орта өкілдерінен құралған арнайы топ құрамдарының үнемі жаңа белсенділер, жергілікті  беделді тұлғалар, еріктілер есебінен толықтырылып отырылуын назарларында ұстау ұсынылсын.
6) Облыстық Полиция департаменті басшылығына, аудандық полиция бөлімдерінің басшыларына – учаскелік инспекторлардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайларына назар аударып, оларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді, жергілікті инспекторларды сапалы тірек пункттерімен, бейне-бақылау құралдарымен, жедел қимылға қажетті сапалы көлік бірліктерімен, тұрақты байланыс жүйесімен қамтамасыз етуді тездету шараларын қолға алу үсынылсын!» Қаулы барлық аудандық кеңестерге таратылып, атқарушы
органдардың назарларына ұсынылды! Сонымен бірге, коронавирус таралымының алдын алу мақсатындағы мемлекеттік іс-шараларды қолдаған Қоғамдық кеңес мүшелері, Кеңес жетекшісі С.Ә. Сейдәзімовтың тікелей қатысуымен наурыз айының 16-17 жұлдыздары аралығында қаладағы ауруханалар мен дәріханалардың пандамеялық дерттің залалдарына қарсы атқарып жатқан жұмыстарына қоғамдық бақылау-мониторингін жүргізді. Карантиндік режимнің сақталуы мен дертке қарсы іс-шаралардың қатаңдық категориясына сай болу процесінен де кеңес мүшелері сырт қалған жоқ. Қаладағы, облыстағы пандамеяға қарсы барлық бастамалардан хабардар болып отырған Қоғамдық кеңес басшылығы мен оның мүшелері – дәрі- дәрмектің жетімділігі, провизорлық орталықтар жұмысының тиімділігі мен көлемін арттыру, төсек-орындардың жетімділігі,  медицина қызметкерлеріне төленуге тиісіті үстемақылардың дер кезінде тапсырылуыалыс-жақын шетелдерден келіп жатқан гуманитарлық көмектердің тәртіпке сай және дер кезінде таратылуы, олардың азаматтардың барлық
категорияларына қолжетімділігін ойластыру жұмыстарының бел ортасында жүріп, тікелей эфир акцияларын ұйымдастырды! Атқарылған жұмыстарды сараптай келе осы карантиндік тәртіп кезінде ерекше азаматтық белсенділік көрсеткен Қоғамдық кеңестің мүшесі-комиссия хатшысы
Исламбек Дастанның ерекше еңбегін атап өтуіміз керек – акциялар өткізіліп жатқан жерлерден жүргізілген ондаған кең көлемді тікелей эфирлер мен арнайы репортаждар, короновирустан емделушілерге қажетті материалдық заттар жөніндегі ақпараттар, волонтерлар мен пандамеяға қарсы
күрестің алдыңғы шебінде жүрген жандарды жеке қоғаныс заттарымен жабдықтау іс-шаралары жөніндегі ақпараттарды әлеуметтік ортаға таратушы әріптесімізге алғыс айтушылар санының күн санап өсіп келе жатуы тегін болмаса керек! Сонымен бірге, өз ұсыныс-пікір, бастамаларымен кеңес қабылдауына келген азаматтардың көтерген мәселелеріне байланысты да қанағаттанарлық жауаптар беру үрдісі, қызметтік қажеттілік кезінде министрлік мамандарының қатысуымен облыстағы барлық аудандық қоғамдық кеңестердің басшылық құрамы арасында онлайн кездесу- пікір алмасулар өткізу Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі мекемесінде тұрақты жолға қойылған.

Жамбыл облыстық
Қоғамдық кеңесінің
төрағасы С.Сейдәзімов

Добавить комментарий