2020 жылБАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІЖАМБЫЛ АУДАНЫЖер қатынастар басқармасыКәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық дамыту басқармасыҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІ

Жамбыл аудандық Қоғамдық кеңесінің 2019 жылы атқарған жұмыстарының Есебі

Жамбыл аудандық Қоғамдық кеңесінің 2019 жылы
атқарған жұмыстарының
ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабының 5 тармағына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылдың 13 ақпандағы №37-2 шешімімен Жамбыл ауданының Қоғамдық кеңесі құрылған болатын. Аталмыш кеңестің ережесі, регламенті талапқа сай бектілген.
Жамбыл аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамы 17 мүшеден тұрады. 15 ер, 2 әйел. Кеңестің төрағасы Жұмаханов Алпысбай Жұмалыұлы, хатшысы Құрбанов Аманәлі Омарұлы.
Жамбыл аудандық қоғамдық кеңесінің жалпы алға қойған амбициясы қоғамда орын алған өзекті мәселелерді жүйелеп, сараптау және орын алып отырған мәселелер бойынша ұсынымдар қабылдап, оларды түрлі деңгейдегі атқарушы биліктің назарына ұсынып отыру. Ұсынымдарды Заң талаптарында айқындалған құқықтық-конституциялық деңгейдегі Қоғамдық бақылауға алу және олардың өз шешімдерін дер кезінде тауып орындалуын қадағалау. Осы мақсаттың үдесінен шығу ұшін барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестердің жұмыла жұмыс атқаруына байланысты.
2019 жылы Қоғамдық кеңес тарапынан; аудан әкімі аппараты, және бөлімдердің жұмысына тиесілі 4 келісім және аудандық мәслихаттың шешімдеріне 34 ұсынымдар берді. Және қоғамдық кеңес тарапынан 4 рет отырыс өткізілді. Онда;
2018 жылдың 21 желтоқсанында 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет бекітіліп, 2018 жылға арналған аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 12 млрд 803 млн 922 мың теңге жоспарланды. Ал бюджет шығындарының жалпы көлемі 12 млрд 807 млн 592 мың теңге жоспарланды.
Есепті кезеңде аталған шешімге бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Жамбыл ауданының бюджетіне енгізілген өзгерістер мен нақтылаулар Қазақстан Республикасының «Бюджет Кодексі» мен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының талаптарына сәйкес енгізіліп отырды.
2019 жылдың 9 ақпан айында аудан әкімі Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлының жылдық есебі тыңдалып, аудан басшысы тұрғындарды алаңдатқан мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталып, олардың шешімі жоспарлы түрде орындалатынын жеткізген болатын.
2021 жылдарға арналған аудандық бюджет бекітіліп, 2018 жылға арналған аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 12 млрд 803 млн 922 мың теңге жоспарланды. Ал бюджет шығындарының жалпы көлемі 12 млрд 807 млн 592 мың теңге жоспарланды.

2019 жылдың 28 наурызында Жамбыл аудандық қоғамдық кеңесінің отырысында Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан салаға қатысты бағдарламалардың атқарылуы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетіліп жатқан қолдаулар мен іс шаралар туралы мәселесі зерделеніп, қаралды.
Комиссия отырысында қосымша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Келесовтың баяндамасы тындалды. Сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшесі А.Ахметованың аталған мәселені зерделеу барысында анықталған жағдайлармен толықтай таныстырып өтті.
Сонымен қатар жоспарға сәйкес 2019 жылдың 7 маусымында Жамбыл ауданының 2018 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп қаралып, аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы М.Байгелдінің баяндамасы тыңдалса, Қоғамдық кеңес тарапынан; Аудандағы ауылшаруашылығы секторы, оның ішінде егін шаруашылығы, мал шаруашылығына және өндіріс, әлеуметтік салаға жекелей тоқталып ауданның экономикалық мәселелерін жетілдіру бағыттары, білім саласына бөлініп жатқан қаражаттардың тиімді игерілуі, аудан аумағындағы аудандық мәндегі жолдар мен ауыл ішілік көшелердің жағдайы, мекемелердегі жылу қазандықтары мен электр жүйесін жетілдірудегі жұмыстары, халықты әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар мен өзгеде мәселелер төңірегінде ұсыныстар мен сын-ескертпелер көтеріліп, тиісті органдарға сауалдар мен ұсыныстар берілді.
2019 жылдың 19 шілдесінде Жамбыл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі тындалды.
Сонымен қатар 2020-2022 жылға арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде де Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфраструктура, жалпы алғанда ауданымыздың дамуына орай аудандық бюджеттің кіріс-шығысы жіті қадағаланып отырады.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің үнемі аудан халқымен кездесіп, жиі қабылдаулар жасап, олардың мұң-мұқтаждықтарын елеп, мәселелерін шешіп, тиісті орындарға сауалдар жіберіп отыруы дағдыға айналғанына аудан жұртшылығы куә.

Жұмаханов Алпысбай Жұмалыұлы

Добавить комментарий