ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫСАРЫСУ АУДАНЫ

Жайылма ауылдық округінің Жайылма ауылындағы «Гараж» және Маятас ауылындағы «Коминтерн» көшелерінің атауын өзгерту туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» , Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы «__» қазандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Жайылма ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сарысу ауданы Жайылма ауылдық округі Жайылма ауылындағы Гараж көшесі «Қаратау» көшесі болып, Маятас ауылындағы «Коминтерн» көшесі «Ақтас» көшесі болып өзгертілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы Н.С.Рахымжановқа жүктелсін.
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ауылдық  округ әкімі                                                     Ж.Жаркенов

 

Добавить комментарий