ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРСАРЫСУ АУДАНЫ

Жаңа құрамның алғашқы басқосуы

Өткен аптада өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 47-сессиясында Сарысу ауданының Қоғамдық кеңес құрамы жаңадан бекітілді. Сесиядан соң Қоғамдық кеңестің жеке отырысы өтіп, онда Қоғамдық кеңестің төрағасы етіп Қ. Мамбетов сайланды.

Осы аптаның сейсенбісі күні осы жаңа құрам мүшелерімен басқосу болып өтті. Басқосуға аудан әкімі Балабек Нарбаев, аудандық мәслихат хатшысы Сағымбек Бегеев және кеңес мүшелері қатысты. 

Жиында аудан жаңадан сайланған Қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен таныса отырып, жүмыстарына табыс тіледі.

Басқосуда аудан басшысы «2018 жылдың қаңтар  – желтоқсан айларындағы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы» есепиті баяндамасын жасады. 

Баяндамада 2018 жылдың қазан айының 5-ші күні Елбсымыз НҰрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы негізгі міндеттердің орындалуы туралы және тәуелсіз Қазақстанның дамуының басты бағыттарын белгілеп бергендігіне тоқталды. Сонымен қатар, «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы – төл тарихқа, түп – тамырымызға үңілуден туған толғаныс екендігін «Болшаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы екендігін айтты. Соның нәтижесінде, егемен еліміз әрқашанда жаңа биіктерді бағындырып, бүгінгі күні «Қазақстан – 2050» Стратегиясын қабылдаған, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатын көздеген айдынды мемлекетке айналуымыз керектігін айта келіп, былтырғы жылғы қорытынды сееп барысында аудан тұрғындары көтерген мәселелер бақылауға алынып, барлығы жыл ішінде өз шешімдерін тауып толық орындалғандығын тілге тиек етті. 

Соынмен қатар, баяндамада аудан әкімі жыл бойы өнеркәсіп, денсаулық, білім, тұрғын үй құрылысы, ауыл, егін, мал шаруашылықтары және іс – шаралардың орындалу барысына кеңінен тоқталып, алдағы атқарылатын жұмыстарды саралап өтті.

Жиын барысында қатысушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды.

Добавить комментарий