2021 жылҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРТАЛАС АУДАНЫ

Жұмыс жалғасуда

2021 жылдың 13 мамыры нда Талас аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, төрт мәселе қаралды. Үш мемлекеттік органдардың есебі, атап айтқанда мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен екі ауылдық округ әкімдері (Аққұм және Тамды) және Игілік кәсіпорының Қаратау қаласы тұрғындарына жылу және сумен қамтамасыз ету жұмыстарының сапасы, бюджеттен соңғы 3 жылдағы бөлінген қаражаттарының мақсатты жұмсалуы туралы.

Ауылдық округ әкімдері мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша көрсетілген қызмет түрі мен саның, жалпы ауылдық округ бойынша жетістіктері мен туындалған проблеммаларын айтып өтті. Сондай ақ, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі есебін беріп, атқарылған жұмысының мән-жәйін түсіндіріп өтті. Бөлім басшысы У.Алтынкопов жетістіктерін айтып, проблеммаларға тоқталды.

Кемшіліктердің бірі, ол Көктал ауылдық округінде мәдениет ошағының жоқтығы, Ақкөл ауылындағы мәдениет үйінің шатыры және Қожағаппар мен Қызыләуіт ауылдарында кітапханалардың тозығы жетіп, жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігін атап өтті.

Ауылдағы кітапханалардың штат мәселесі де көтерілді, басқа аудандарда екі қызметкерден жұмыс атқарса, біздің ауданда біреуі ғана кітапханашы штаты бар екені ескертілді.

Игілік кәсіпорын директорының орынбасары Ш.Оңалбаев есебін беріп, өткен жылыту маусымында жетістіктер мен туындаған кемшіліктері айтылды. Ол, біраз көпқабатты үйлердің жер төлелерінің, аурухананың, аурухана мен кәсіптік колледждің арасындағы су, жылу құбырларының өте нашар жағдайда болғанын, дефекті актісі жасалып аудан, қала әкімдеріне ақпарат берілетіні айтылды.

Қоғамдық кеңес мүшелері атқарылған жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға беруін шешті. М.Қарғабаева, аудандық Қоғамдық кеңестің хатшысы

Добавить комментарий