ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Жамбылда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға бағытталған облыстық Қоғамдық кеңес отырысы өтті. 2018 жылдың 31 қазанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға бағытталған Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Қоғамдық кеңес күн тәртібінде Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында 2018 жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Ихиеваның есебі тыңдалды. Кеңестің құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөніндегі комиссия төрағасы Қ.Е.Төлендиев жергілікті атқарушы органдардың бақылау іс-шараларын жүргізу барысында, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту барысында, сонымен бірге, мемлекеттік қызметтер стандарттарының және қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттардың облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуы бойынша жіберілген бірқатар кемшіліктерге тоқталып өтті. Кеңес барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсұт Нәлібаев мемлекеттік қызметтердің ашық, қол жетімді, әрі сапалы көрсетілуі қажет екенін атап өтті.

— «6 айда 17 мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдері бұзылған (9 айда – 26 қызмет). Ол бойынша жауапты қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі қаралды» — деп баяндады Айгүл Зайдинқызы. Кеңес отырысына Тараз қаласы мен аудан әкімі аппараттарының басшылары, жауапты мамандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Дереккөз TURANINFO.KZ

Добавить комментарий