2020 жылБасқаларБасты ақпаратНҚА

«Тараз қаласында 2020 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №4523 қаулысының күшін жою туралы

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

 

Тараз қаласы                                             №                     «___» ____________ 2020 жыл

 

«Тараз қаласында 2020 жылға  орта білім беруге  мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы

27 желтоқсандағы №4523 қаулысының күшін жою туралы

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31,37 баптарына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 бабының 43-3)  тармақшасына  сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

          1. «Тараз қаласында 2020 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №4523 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №4474 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 30 желтоқсанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

          2. «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

          1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы қаулыны Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

          3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабайға жүктелсін.

          4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

            Қала  әкімі                                                                                            А. Қарабалаев

Добавить комментарий