2019 ЖЫЛНҚА

«Тараз қаласында 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы   3 қаңтардағы  № 1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқарутуралы» Қазақстан  Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының     8-1)тармақшасына және 62 бабының 6 тармағына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Тараз қаласында 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерін беіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 3 қаңтардағы  №1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілірді  мемлекеттік тіркеудің  тізілімінде №4092 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 17 қаңтарында жарияланған) төмендегідей  толықтырулар енгізілсін:

аталған қаулының қосымшасы төмендегі мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдармен  толықтырылсын:

«Kunim-Ai» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 130 27931 10000
«Радуга Алем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 80 27931 10000
«Динара алтыным» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 50 27931 10000
«Барыс» бөбекжай-бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 200 27931 10000
«Адемай» бөбекжай-бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 80 27931 10000
«Айшатай» бөбекжай-бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 75 27931 10000
«Ырым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 150 27931 10000
«Сәби-жан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 50 27931 10000
«Айзере2» ясли-бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 27931 10000
Розаль орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 75 27931 10000
  1. «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы қаулының Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабайға жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Қала әкімі                                                                                         Қ. Досаев

 

Добавить комментарий