2019 ЖЫЛЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР

Тараз қаласы мен аудандық Қоғамдық кеңестердің  төрағаларының назарына

                                                                Құрметті әріптестер!

Қоғамдық дамудың заман талабын сай кезекті сатысына аяқ басқан еліміздің, саяси-әлеуметтік, құқықтық-азаматтық дамуын көздеген жаңа бастамалар мен жаңа міндеттемелер бағытымен жақсы таныссыздар.

Ол міндеттер мен бастамалар бағыты – ҚР президенті Қ-Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы мен президенттің Ұлттық Сенім кеңесінің алғашқы отырысында сөйлеген сөзінде анық айқындалған болатын.

Аталған екі құжаттың негізгі нысанасы – мемлекеттік дамудың басты тетіктерінің бірі саналатын – тұрғындардың құқықтары мен бостандықтарының қатаң сақталуы, әлеуметтік бағдарламалардың дер кезінде және жүйелі түрде іске асырылуы, халықтың тұрмыстық-әлеуметтік деңгейінің жаңа сатыға көтерілуі. 

   Атап айтсақ:

–   азаматтарды жұмыспен қамту, жалақының уақтылы төленбеуі;

– тұрғын үй қорын, жер ресурстары мен су қорын пайдалану, ауылшаруашылығы салаларына бөлінетін мемлекеттік субсидиялардың қолжетімділігі мен олардың тиімді пайдалануы, ауылшаруашылығындағы басқа да дамуға қолбайлау болып отырған оралымсыздықтар, ауылдардағы мал ұрлығы онымен пәрменді күрестің жолға қойылуы немесе қойылмауы т.б

– әлеуметтік мәселелер (зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек алудағы әділетсіздіктер):

– коммуналдық қызметтердің сапасы мен тарифтері;

– сот шешімдерінің орындалу жайы) құқық қорғау органдарындағы кемшіліктер ( заң бұзушылықтар);

– білім беру, мәдени қызмет көрсету, денсаулық сақтау органдарында кездесетін  жөнсіздіктер ( жең ұшымен жалғасу, сыбайлас жемқорлық фактілері); сібір жарасын жұқтыру фактілеріне байланысты – ветеринариялық қызметтің жай-күйі;

– биылғы жылғы облыс, қала , аудан және ауыл әкімдерінің есептерінде жұртшылық тарапынан қойылған талап тілектердің сын ескертпелердің орындалу жайы, олар жөнінде халықты хабардар етіп отырудағы атқарушы билік жағынан жіберілген жүрдім бардым көзқарас көріністері);

– жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуалдың жай-күйі ( өткен жылдармен салыстырғандағы артық- кемі) т.б.

Осы және басқа да әлеуметтік мәселелер жөнінде облыс аудандарында атқарылып жатқан жұмыстардың 8 айлық қортындысын шығарып, оны өздеріңізбен әріптестік талқылауға салсақ, бұған дейін атқарылған жұмыс барысын, алда атқарылар міндеттердің ортақ жобасы туралы кеңейтілген отырыс өткізсек деп отырмыз. Президент өзінің  2 қыркүйек 2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» аталған Жолдауында атап айтқанындай, алда тұрған болашақ міндеттерді жүзеге асыру жолындағы басты тетіктердің бірі – жетілген азаматтық қоғам құру үрдісін кеңінен дамытып отыру, мемлекеттік емес ұйымдар мен азаматтық бірлестіктер институттарымен қолтықтаса жұмыс жасау, әлеуметтік ортаның ұсыныс-пікірлерімен үнемі санасып отыру! 

Осы ретте ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы ұстанымдарының негізінде жұмыс атқарып отырған Сіздер мен біздерге жүктелер жұмыстардың салмағы да артып отырғандығы аян! Әлеуметтік ортаның ой-пікірлерін ескеріп, қоғамдық ортада күнделікті туындап жататын тұрмыстық кейбір проблемаларды да жақсы білетін ұжым Сіздерсіздер! 

Құрметті әріптестер! 

Жоғары да айтылған мәселелердің Өзіңіз қызмет атқарып отырған аудандағы жәй-күйі туралы қолда бар ақпараттарыңызбен бөлісіп, жоқ жағын толықтырып 2019 жылдың 10 қазанына дейін Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесіне, жазбаша не электронды нұсқада жолдауларыңызды өтінеміз. 

Жазбаша ақпараттар үшін: Тараз қ. инд.080008, Абай даңғылы-125, электрондық почта: kz19581958@gmail.com 

Сонымен бірге, өздеріңіз атқарып отырған жұмыстардың барысы туралы, жыл басында жер-жерде өткен әкімдер есебі кезінде айтылған ұсыныстар мен бастамалар туралы, әлеуметтік ортадан түскен ұсыныс-тапсырмалардың орындалуы туралы ақпараттарыңызды: q-kenes.kz сайтына жолдап отырсаңыздар, олар міндетті түрде жарық көретін болады.

 

 

  Жамбыл облыстық

  Қоғамдық кеңесінің

  төрағасы                                                                              С.Сейдәзімов

 

 

Добавить комментарий