2020 жылЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМАҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАРТАРАЗ ҚАЛАСЫ

Тараз қалалық Қоғамдық кеңесінің 2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығындағы атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» №383-V заңына жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №1194 қаулысына сəйкес 2020 жылдың қазан айына дейін Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің құрамында 17 мүшесі болатын.  Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында  айтылған қоғамдық кеңес­тер­дің құрамына түрлі әлеуметтік топ өкілдерін, солардың ішінде  мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тарту жөніндегі талаптарына сәйкес қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің құрамы сан жағынан ұлғайып, бүгінде 19 адамды құрап отыр.

Кеңес құрамына, мемлекеттік қызмет, қоғамдық жұмыс, өндіріс саласында мол тәжірибелері бар азаматтар іріктеліп алынған.

Олардың 18-і (88,1%) – коммерциялық емес ұйым өкілдері араларынан конкурстық негізде сайланғандар, 1-і (1,9%) – мемлекеттік органдар өкілі.

Кеңес мүшелерінің 33 пайызы 60 жасқа дейінгі азаматтар, 37 пайызы әйелдер, 15,7 пайызы жастар. Қоғамдық кеңестің құрамында 4 ұлттың өкілдері бар: қазақтар -16, өзбек-1, поляк-1, корей -1.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлығының білімі жоғары.

Кеңес мүшелерінің 1-уі (Л.В.Калькова) облыстық поляк этномəдени бірлестігінің мүшесі

Қоғамдық кеңестің 7 мүшесінен төралқа құрамы сайланды. Оның құрамында Қоғамдық кеңестің төрағасы, қалалық мәслихаттың хатшысы, қоғамдық кеңестің хатшысы, кеңестің 3 комиссиясының төрағалары және комиссия хатшыларының арасынан 1 адам төралқа құрамына енгізілді.  Қоғамдық кеңес жанынан мынадай 3 комиссия жасақталды:

-бюджет, тарифтік саясат, жемқорлықпен күрес, көші-қон, заңдылық пен құқықтық тәртіп жөніндегі комиссия (төрағасы Ә.Жүнісбеков);.

-ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, инновациялық, индустриалдық, көліктік – логистикалық даму, кіші және орта бизнесті қолдау жөніндегі комиссия (төрағасы Р.Т.Байтелиев)

-әлеуметтік саланы дамыту, еңбекпен қамту, білім, денсаулық сақтау, тіл, туризм, спорт, мәдениет, жастар саясаты, ұлтаралық және діни қатынастар жөніндегі комиссия (төрағасы Ә.Қилыбаев)

2020 жылдың жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Қоғамдық кеңестің төралқа отырыстарында атқарушы органдардың                    6 нормативтік-құқықтық актілерінің жобалары қаралды. Бекітілген жоспарға сәйкес Қоғамдық кеңестің 2 кеңейтілген отырысы өткізілді:

– 2020 жылы  8 қазан күні «Тараз қаласының шағын аудандарындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласында  жүргізіліп жатқан абаттандыру нысандарын жөндеу жұмыстарының  жайы туралы» мәселе қаралды. Отырыста қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан алдағы уақытта «Жол картасы» аясында жұргізілетін іс-шаралар бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру барысында қала әкімінің аумақтық бас инспекторларының ұсыныстары мен ой-пікірлерін ескеру, олардың өзіне бекітілген аумақтардағы мемлекеттік тапсырыс арқылы жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын қадағалау жөнінде жауапкершілігін арттыру жөнінде және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруда қала әкімінің құзырымен жасақталған комиссияның құрамында қоғамдық кеңес мүшелерін  енгізу туралы ұсыныс берілді

Сондай-ақ, қала әкімдігінің  тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы З.Тұрсынұлының жұмысына  мониторинг жасалынып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамасының және құрылыс нормаларын сақтауда заң талаптарын өрескел бұзушылықтарға жол беріліп жатқандығы туралы жауапты лауазым иелеріне шара қолдану үшін қала әкімінің атына арнайы хат жолданды.

2020 жылы 2 желтоқсан күні  қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында «Қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жағдайы туралы» мәселе қаралды, онда кеңес мүшелері қалалық жолаушылар тасымалдаумен айналысушы  кәсіпорындардың жұмысын бүгінгі күннің талабына сай реттей алмай отырғандығынан туындаған саладағы  келеңсіздіктерді өткір сынға алды. Кеңес отырысы қарар қабылдап, онда салаға жауапты лауазым иелеріне қала тұрғындарын қоғамдық автокөлікпен тасымалдау сұраныстарын қанағаттандыру бойынша ұйымдастырылатын мемлекеттік тапсырысты сатып алу байқауларында материалдық-техникалық базасының жағдайы бәсекеге қабілетті кәсіпкерлерге басымдық беру, автокөлік жүргізушілерін кәсіпорын аты жазылған бірыңғай киім үлгісімен қамтамасыз ету, қоғамдық автобус жүргізушілерінің  апатқа жол беруін азайту және салық түсімдерінің мәселесін шешу бойынша ұтымды шешімдер қабылдау және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қоғамдық көлік құралдарының олардың жүріп тұруына бейімделген механизмдерін жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар берді.  Сондай-ақ осы отырыста Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары мен хатшыларын сайлау жөніндегі хаттамаларын бекіту туралы және Қоғамдық кеңестің төралқа құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды .

Қоғамдық кеңес отырыстарының нәтижелері  облыстық «Ақжол», «Знамя труда», қалалық «Жамбыл-Тараз» газеттерінде жарияланып, облыстық  «Жамбыл» және «77» арналарында көрсетілді.

2020 жылғы 2 қараша күні Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Тараз қаласы қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының қабылданғанына    5 жыл толуына орай салтанатты жиын өткізілді.

Жиынға  қала әкімінің, қалалық мәслихат хатшысы, қаладағы мемлекеттік органдардың басшылары, аумақтық инспекторлар, қалалық қоғамдық ұйымдардың: атап айтқанда «НұрОтан» партиясының облыстық, қалалық филиалдарының, облыстық, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің басшылары, Қазақстан халықтары Ассамблеясының жергілікті басшылығы және бірнеше бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мерекелік іс шараны өткізу барысында жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары құттықтау сөз сөйлеп, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның қабылданғанына 5 жыл толуына орай 7 кеңес мүшесі облыс, Тараз қаласы әкімдерінің, қалалық мәслихаттың, «НұрОтан» партиясы облыстық филиалы басшылығының Құрмет грамоталарымен марапатталып, 2 кеңес мүшесіне облыстық және Тараз қалалық ардагерлер кеңесі атынан «Құрметті ардагер» атақтары берілді.

Есепті кезеңде ––жеке тұлғалар қоғамдық кеңес төрағасының жеке қабылдауында болды.    — өтініш иесі кеңес төрағасының ықпал етуімен мемлекеттік органдар арқылы оң шешімін тапты, — өтініш иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдық кеңестің атқарып жатқан жұмыстары туралы кеңес төрағасы С.Ә.Сейдәзімовтің берген сұхбаттары мен мақалалары бұқаралық ақпарат құралдарында үзбей жарияланып келеді.

Кеңес мүшелері қала тұрғындарымен тұрақты түрде бейресми форматта кездесулер өткізіп, қоғамда болып жатқан түрлі жайттар  бойынша қоғамдық наразылық тудыруға жол бермей, тұрғындардың арыз-шағымдарына дер кезінде сапалы жауаптар беріп, мәселелерін оң шешуге атсалысуда.

Қоғамдық кеңес төрағасы                                                    С.Ә.Сейдәзімов

Добавить комментарий