2021 жылТАЛАС АУДАНЫ

Талас ауданында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

2021 жылдың 20 қазан күні Талас аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, күн тәртібіндегі үш мәселе қаралды, атап айтқанда – “Казсушар” РМК Жамбыл филиалының “Ақкөл” өндірістік бөлімшесі”-нің атқарылып жатқан жұмыстары және С.Шәкіров пен Ойық ауылдық округтер әкім аппаратарының 2020-2021ж. мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, оның ішінде сапасы мен қолжетімділігі және жалпы ауылда атқарылып жатқан жұмыстары.

“Казсушар” РМК Жамбыл филиалының “Ақкөл” өндірістік бөлімшесінің басшысы Ә.Ахметов есебін беріп, егінге су тапшылығына байланысты су қоймасының керек екеннің айтып баяндады. Қоғамдық кеңес мүшелерінің қойылған сұрақтарына толықтай жауабын берді.

Ауылдық округ әкімдері мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша көрсетілген қызмет түрі мен саның, жалпы ауылдық округінде атқарылған жұмыстары жайлы айтып өтті. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тұрғындардан түскен өтініштерге қызмет көрсетіліп, тиісті шешімдер шығарылды. Электронды веб-порталдары арқылы алатын мемлекеттік қызметтерді де атап өтті. Ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету арнайы бұрышы ашылған. «Egov.kz» «License.kz» электронды веб-порталдары арқылы алатын мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, осы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы алуда. Ол үшін электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) оқу үшін компьютерлерде «card reader» орнатылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарынан ешкімнің көмегінсіз санаулы минуттарда жылдам, сапалы алуға болады және қол жетімді деп баяндады.

Қоғамдық кеңес мүшелері атқарылған жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға беріп, су қоймаларын салу, оған су жинау және ауылдағы талдарды суғару жайлы ұсыныстары хаттамаға енгізіліп жұмыстар жалғасуда.

М.Қарғабаева, аудандық Қоғамдық кеңестің хатшысы

Добавить комментарий