Басты ақпаратЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАРТАЛАС АУДАНЫ

Талас ауданында есепті жиын өтті

2022 жылдың 15 наурызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық кеңестің төрағасы Ақынбек Бектайдың төрағалығымен өткен жиында аудан әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы Мәдібек аудан бойынша өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндап, әр салаға тоқтап атқарылған жұмыстарын және 2022 жылы алда тұрған міндеттер туралы айтып өтті. 

            Қоғамдық кеңес мүшелерінің қойылған сұрақтарына, яғни:   

        – Кальцийлендірілген сода зауыты соғылып, соған Ақкөл көлінен су алынады деп жоспарлануда, өңдірістен көлге зияны тиймейді ма, су жетеді ма;

        – Ақкөл көлінен су алынбаса завод жұмыс жасамай, тұрып қалады ма? Ақкөл көлінде су болмай қалған жағдайда зауыттың жұмысы жүреді ма, жоқ тоқтап қалады ма;

        – 595 шару қожалықтар тіркелген, сонын ішінде 95-і мемлекеттен қайтарымсыз көмегін, субсидия алып отыр, ол өте төмен көрсеткіш. Шаруа қожалықтар мемлекеттін көмегін пайдаланбай отыр. Халыққа қаржы керек, бірақ жұмыс өз деңгейде жүргізілмей жатыр ма деген сұрақтарға толықтай түсіндіріп өтті.

Субсидия жайлы насихаттау жұмысы төмен екендігін, кей шаруа қожалықтардың осындай көмек бар екенің білмейтінің, ал, кейбір шаруа қожалықтар естіген күнде де қаңдай құжат керек екенің кімге өткізу керек екенің толық түсінбейтіндігін айтты. Субсидия алуға мүмкіндігі бар шаруа қожалықтарды  іздестіріп, әр қайсысымен жеке кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бюрократизм болмас үшін арнайы мамандар тартылып, арнайы кабинет ашылып, шаруа қожалықтардың құжаттарын рәсімдеуге тегін көмек берілуде деп жауабы берілді.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің айтылған ұсыныстары: 

– Кеңес отырысында есеп беретін мекеме басшысының орынбасары емес, басшысы қатысуын аудан әкімі аппараты басшыларын ескертсе; 

– Сөғылатын зауыттың офисі ресми түрде Ақкөл ауылында орналасса, сонда салықтын бәрі аудандық бюджетке түсер еді деген ұсыныстар назарға алынды.

          Өткен жылы мәслихатта жоспарлы 4, кезектен тыс 16, барлығы 20 сессия өткізілген. Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын арттыру жағдайына байланысты 62 мәселе қаралып, 18 депутаттық сауал жолданды және басқа да жүргізілген жұмсыстарын атап өтті. К. Садубаев депутаттық құрам мен алдағы уақытта атқаратын жұмыстар барысымен таныстырды.

         Сонымен қатар, қоғамдық кеңес төрағасы А.Бектай  өткен жылы жоспарға сәйкес атқарған жұмыстарын және кеңес мүшелері мекеме басшыларына айтылған ұсыныстардың орындалуын баяндады.

Аудандық Қоғамдық кеңесте 2021 жылға бекітілген іс-жоспары бойынша 10 отырысы өтіп, 37 мекеме басшыларының есебі тындалды, 1- зерделеу жұмыстары жүргізілді (2 мекемеде).  Келіп түскен 22 нормативті-құқықтық акт жобалары (қаулы, шешім жобалары) қаралып аудан әкімі аппараты мен аудандық мәслихат аппаратына, тиісті аудан әкімдігіне қарасты бөлімдерге ұсынымдар берілді.

Аудандық Қоғамдық кеңестің қызметінің ашықтығын, жұмысының жариялығын дамыту мақсатында, әрбір атқарылған іс-шараның қорытындысы ақпараттық жүйелерде жарияланып отырды. 

Есепті мерзімде кеңес тарапынан атқарылған жұмыстар бойынша аудандық “Талас тынысы” газетінде-10, Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесінің ресми сайтына – 10, аудан әкімдігінің ресми сайтына – 1, әлеуметтік желісіне (Фейсбук-2,Истаграм-2) – 4 мақала жіберілді, “Жамбыл” телеарнасында -1 отырыс көрсетілді және Қоғамдық кеңес төрағасы А.Бектай “Жамбыл” телеарнасындағы “Сөзден іске” деген бардарламасына қатысты. Барлығы ақпарат құралдарына  хабарландыруды қосқанда 33 мәлімет жарияланды.

Қоғамдық кеңесінің негізгі жұмысының бірі – “Қоғамдық кеңестер туралы” заңының және басқа да заңдардың аясында аудан тұрғындарының талап-тілектеріне, мұн-мұқтажын анықтау мақсатында жергілікті жерлерде халықпен кездесіп, аудан әкімінің қоғамдық қабылдауларына қатысып, жеке азаматтардың өтініш-пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың шешімін табуға түсініктеме, ұсынымдар беріліп отырады. Жергілікті жерлерде туындаған проблемалық мәселелерді талқылау үшін Қоғамдық кеңес төрағасы А.Бектай қала, ауыл тұрғындарымен 36 кездесулер өткізіп, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

 Жыл басынан 1 өтініш түсіп  (такси орындарына белгі қою туралы) заңға сәйкес қарау үшін мемлекеттік органдарға жіберілді. Бірақ, заңға қайшы болғандықтан, қасында мектеп пен аурухана орналасқандығын ескеріп, бұл мәселе шешілмеді, өтініш иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, Талас ауданы әкімдігінің жанынан құрылған комиссиялар құрамындағы Қоғамдық кеңес мүшелері, аудан көлеміндегі осы комиссиялардың ашықтығына, нәтижелі жұмыс атқару барысында белсенділік көрсетуде.

Өткен жылдары (2019ж.) аудан әкімдігінің барлық 13 бөлімдерінде нысаналы индикаторлардың орындалуы Қоғамдық кеңес жанындағы комиссияларында бөлім басшыларының есептері талқыланып комиссия мүшелері өз пікірін білдіріп, ұсыныстар берілді.

Қоғамдық кеңес қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған заң берген өкілеттіктер аясында, комиссия мүшелерінің қоғамдық мониторинг және мемлекеттік орган, басқа да мекемелердің басшылары жұмыстарының нәтижелері туралы есептерін тыңдау арқылы жұмысын жүргізді. Кеңес отырысында берген ұсыныстардың орындалуы нәтижесіне үнемі бақылау жүргізіледі.

 Жоғарыда айтылғандай, өткен жылы 10 отырыс өткізіліп 37 мекеме басшыларының есебі тыңдалды, 2-мекемеде зерделеу жұмыстары жұргізілді. 

Атап айтқанда: 

– Талас ауданының әкімі Б. Қазанбасовтың 2020 жылы  жұмыс нәтижелері туралы  есебі, аудандық мәслихатының хатшысы К.Садубаев және аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Бектайдың қосымша баяндамалары тыңдалды.

37 мекемелердің ішінде 13 ауылдық округтер әкімдері, 13 аудан әкімдігінің бөлімдері және 8 басқа да мекемелердің 2020-2021 жылдары атқарылған және жыл аяғына дейін атқарылатын жұмыстары  жайлы есептері тындалды,   соның ішінде  4 облыстық деңгейдегі мекемелер – аудандық ветеринариялық  станциясы, Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі, Талас ауданының мемлекеттік архиві, Ветеринариялық бақылау және қадағалау Талас аудандық аумақтық инспекциясы. Аудандық деңгейдегі  26 мемлекеттік органдардың ішінде 21-де мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, оның сапасы мен қолжетімділігі қосымша тындалды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             Қаралған мәселелер: мал ауруларының алдың алу, екпелердің уақтылы жасалуы, мал емдеу және есебін жүргізу жұмыстарының сапалы атқарылуы,  Егістік жерлерді пайдаланудағы және өткен жылғы есептерінде айтылған сын-ескертпелері бойынша атқарылған жұмыстары,   “Игілік” көпсалалы кәсіпорынның Қаратау қаласы тұрғындарына жылу және сумен қамтамасыз ету жұмыстарының сапасы, бағасы туралы, бөлінген қаражаттардың  мақсатты жұмсалуы, Талас ауданының мемлекеттік архивінің “Архив 2025” стандарты бойынша атқарылған жұмысы,  аудан аумағында, Қаратау қаласында абаттандыру, көше суландыру арықшаларының талапқа сай жұмыс істеуі және осы жұмыстарға қаралған қаражаттардың мақсатты жұмсалуы, жер пайдалануда  заңдылықтарын сақтау, конкурстарды өткізуде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында атқарып отырған жұмыстары жайлы; 

– Ауыл тұрғындарын тасымалдайтын көлік жүргізушілерді (таксистер), көліктерді бақылауға алып, патент арқылы жұмыс жасау үшін Талас аудандық полиция бөлімі мен Талас ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен кездесіп, 2 жиын өткізілді. 

2 мекемеде, Көктал ауылдық округі аппараты мен қаржы бөлімінде жалпы жұмыстарына, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша жұмыстарына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, кеңес жанындағы комиссия төрағалары отырыста баяндады. Отырыстардың нәтижесінде ұсыныстар, жұмыстарын дамыту жайлы ақыл-кеңестер берілді. 

1 комментарий

Добавить комментарий