2021 жылТАЛАС АУДАНЫ

Талас аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

2021 жылдың 24 қараша күні Талас аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, күн тәртібі бойынша төрт мәселе қаралды, атап айтқанда – сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 2020-2021ж. мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, оның ішінде сапасы мен қолжетімділігі және өткен жылғы есептерінде айтылған сын-ескертпелер бойынша атқарылған жұмыстары , кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің 2020-2021ж. жалпы атқарылған жұмыстары жайлы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2020-2021ж. мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, оның ішінде сапасы мен қолжетімділігі, аудан аумағындағы және Қаратау қаласындағы абаттандыру, көше суландыру арықшаларының талапқа сай жұмыс істеуі, жер қатынастары бөлімінің 2020-2021ж. мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, оның ішінде сапасы мен қолжетімділігі және жер пайдалану заңдылықтарын сақтау, конкурстарды өткізуде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында атқарып отырған жұмысы.

Бөлім басшылары есебін беріп, Қоғамдық кеңес мүшелерінің қойылған сұрақтарына толықтай жауабын берді, мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша көрсетілген қызмет түрі мен саның және жалпы атқарылған жұмыстары жайлы айтып өтті. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тұрғындардан түскен өтініштерге қызмет көрсетіліп, тиісті шешімдер шығарылды. Электронды веб-порталдары арқылы алатын мемлекеттік қызметтерді де атап өтті. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат азаматтарға қолжетімді болу үшін «электронды үкімет» порталында, аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат бөлімнің ғимаратындағы қызмет алушылардың қол жетімді стендіне орналастырылған.

Аталған шаралар, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының жоғары бағалауға қол жеткізу, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау мақсатында қолданылған деп баяндады.
Талқылау барысында айтылған ұсыныс-пікірлер сараланып, мынандай шешім қабылданды: Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Қаратаудан Ақкөлге дейін және Талас ауданы аркасынан бастап көлік жүретін жолдарға, мал өтетін жерге көліктін жылдамдылығын көрсетіп знактар орнатылса, Есейхан көшесіндегі өртенген екі тал қалдықтары алынып тасталсын және Қаратау қ. мен Сарысу ауданына кететін торап (развилка) кенейтіліп, кольцевой жол құрылысы салынса.

М.Қарғабаева, аудандық Қоғамдық кеңестің хатшысы

Добавить комментарий