2021 жылТАЛАС АУДАНЫ

Талас аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы барысында бес мәселе қаралды

2021 жылдың 12 тамыз күні Талас аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, бес мәселе қаралды. Екі ауылдық округ әкімдерінің есебі (Берікқара, Қаратау ауылдық округі) және облыстық басқармасына қарайтын мекеме, атап айтқанда ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Талас аудандық аумақтық инспекциясы, Ішкі саясат бөлімінің атқарылған жұмыстары жайлы баяндамалары тындалды. Талас ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және Талас аудандық полиция бөлімімен жабайы таксистердің мәселесі көтерілді.

Ауылдық округ әкімдері мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша көрсетілген қызмет түрі мен саның, жалпы ауылдық округ бойынша жетістіктері мен туындалған проблеммаларын айтып өтті.
Сондай ақ, облыстық басқармасына қарасты мекемесі және Ішкі саясат бөлімі есебін беріп, атқарылған жұмысының мән-жәйін түсіндіріп, туындаған проблеммаларына тоқталды.

Талас аудандық аумақтық инспекциясына және ауыл әкімдеріне көрсетілген малдардың саны дұрысталып көрсетілсін және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында малдың егелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, міндетті тұрде малға сырға салынып, паспорт алуы қамтамасыз етілсін деген шешім қабылданды.

Ауыл тұрғындарын тасымалдайтын көлік жүргізушілерді (таксистер), көліктерді бақылауға алып, патент арқылы жұмыс жасау үшін Талас аудандық полиция бөлімі мен Талас ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен кездесіп, біраз қойылған сұрақтарына жауабын алды. Алдағы уақытта таксистерді бақылау мәселесі бойынша аудан әкімінің орынбасарының ұйымдастыруымен, ауыл әкімдерімен және тиісті органдардың қатысуымен кеңінен отырыс өткізілсін деген шешім қабылданып, аудан әкіміне хат жолданды.

М.Қарғабаева, аудандық Қоғамдық кеңестің хатшысы

Добавить комментарий