2019 ЖЫЛҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУТАЛАС АУДАНЫ

Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің 2019 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

  Талас аудандық мәслихатының 14 ақпан  2019 жылғы «Талас ауданының Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы» №51-2 шешімімен Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы 15 мүшесімен бекітілді. Қоғамдық кеңесінің 19.02.2019ж. өткен бірінші отырысында  Талас ауданының Қоғамдық Кеңесінің төрағасы мен хатшысы, төралқа мүшелері және 3 комиссия құрылып белгіленді. 

Ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар:

“Қоғамдық кеңестер туралы” Заңының 7 және 21 баптарын басшылыққа алып халықты хабардар ету үшін, «Талас тынысы» газетіне  8 және q-kenes.kz@mail.ru ресми сайтына 5 мәлімет  жіберілді.

         Бекітілген жоспар бойынша 8 іс-шара өтті, оның ішінде мекеме басшыларының есебі – 4, кеңес отырыстары – 2 және 2 мониторинг жасалды. Қаралған негізгі мәселелер: 

         -Қазақстан Республикасының “Қоғамдық кеңестер туралы” 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 23 бабына сәйкес 2019 жылдың 20 ақпанында өткен Қоғамдық кеңестің отырысында Талас ауданының әкімі Досмаханбет Қасымұлы Алиевтің «2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2019 жылы алда тұрған міндеттер туралы» баяндамасы және аудандық мәслихатының хатшысы Арқабек Тулебаев және Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ақынбек Бектай атқарылған жұмыстары туралы қосымша баяндамалары тындалды.  “Талас тынысы” газетіне 22.02.2019 жылы №14 санымен “Аудан әкімі есеп берді” атауымен мақала шығып және q-kenes.kz@mail.ru ресми сайтында да жарияланды; 

      -Қолданыстағы Заңның 5 бабына сәйкес а.ж. 22 сәуірінде кеңес отырысында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының “Үміт” кимыл- тірек аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп интернаты” КММ-нің балаларға көрсеткен қызметтері туралы атқарған жұмыстарына есебі қаралды.  Мекеме басшысына отырыстың шешімі жіберіліп, орындау мерзімі белгіленді. “Талас тынысы” газетіне 22.02.2019 жылы №14 санымен “Көрсетілген қызмет, атқарылған жұмыс есебі” деген мақала жарияланып, q-kenes.kz@mail.ru ресми сайтына да жіберілді. 

      “Үміт” кимыл- тірек аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп интернаты басшысының есебін тындау алдында Қоғамдық кеңес жанындағы тиісті комиссия барып зерделеу жұмыстарын жүргізді, мониторинг жасалынып, қорытындысы берілді.

        -Аудан әкімдігінің 14 бөлімінде нысаналы индикаторлардың орындалуы Қоғамдық кеңес жанындағы комиссияларда бөлім басшыларының есептері талқыланды. “Талас тынысы” газетіне 31.05.2019 жылы №39 санымен “Бөлім басшыларының есебі тындалды” атауымен мақала шығып және q-kenes.kz@mail.ru ресми сайтында жарияланды; 

       -2019 жылдың 25 маусымында Талас аудандық “Ұлбике” ақын атындағы мәдениет орталығының атқарылған жұмысы қаралды. Есеп беруші мекеме директоры К.Пірман өткізілген іс-шараларын, бюджетте қаралған, арнайы шотқа түскен қаржыларына есебін айтып өтті. Қоғамдық кеңес мүшелерінің қойылған сұрақтарына толығымен жауаптар берілді.

          Қазақстан Республикасының «Қоғамдық Кеңестер туралы» Заңына сәйкес Қоғамдық кеңестің жанындағы сала бойынша комиссиясы мәдениет орталығына барып зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесі дайындалып Қоғамдық кеңеске өткізілді. “Талас тынысы” газетіне 28.06.2019 жылы №47 санымен “Апта айшықтары” -на және сайтқа жарияланды.

         Аудандық кеңестің отырыстары қорытындыланып, талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. 

          Жылдың басынан 13 нормативтік құқықтық актілердің жобалары (қаулы, шешім жобалары) қаралып ұсынымдар берілді. 

 

                Талас ауданы Қоғамдық кеңесінің хатшысы М.С. Қарғабаева

 

Добавить комментарий