2018 жылБасты ақпаратБАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРТАЛАС АУДАНЫ

Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Талас ауданының Қоғамдық Кеңесінің құрамы 2018 жылдың басында 19 адам болып, жыл аяғында 17 адаммен қалды, 2 адам әр-түрлі себептермен кеңес мүшелігінен шықты.  

           Қоғамдық кеңесінің жанындағы комиссияларында және төралқа мүшелерінің отырыстарында шешім, қаулы жобалары  қаралып, ұсынымдар берілді.

           “Қоғамдық кеңестер туралы” Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Қоғамдық кеңестің отырыстарында Талас ауданының әкімі Досмаханбет Қасымұлы Алиевтің «2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылы алда тұрған міндеттер туралы» қоғамдық тындау өткізілді.  Жыл басында бекітілген жоспар бойынша 15 іс-шара өтті, оның ішінде қоғамдық тындаулар – 1, мемлекеттік орган басшыларының есебі – 3, кеңес отырыстары – 8 және мекеме басшыларының есебін тындау алдында 3 мониторинг жасалды. Қаралған негізгі мәселелер: ол мекеме басшыларының мемлекеттік бағдарламаларының және атқарылған жұмыстарының орындалуы туралы есебі, атап айтқанда  аудандық жергілікті полициясының табиғатты қорғау инспекциясының аудан тұрғындары, кәсіпкерлер мен кәсіпорындарымен экологиялық және санитарлық заңдарының талаптарын сақталуы бойынша жасалынып жатқан жұмыстары, «Таза-Талас» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының және «Таза Қала-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің абаттандыру, санитарлық тазалау және қалдықтарды пайдаға асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарының есебі, Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Заңының Талас ауданында орындалу барысы туралы, Талас ауданы әкімдігінің Ветеринарлық бөлімінің және Талас ауданы әкімдігінің «Ветеринарлық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының атқарылып жатқан жұмыстарының есебі, Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы спорт мектептерінің және білім бөліміне қарасты мектептерінің спорт аландарының  атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебі.

Мекеме басшыларының есебін тындау алдында жұмыстарын зерделеу мақсатында Қоғамдық кеңес отырыстары өтіп, уақытша жұмыс тобы құрылып мониторинг жасалды.

       Аудан әкімінің есебінде қойылған сұрақтар және Қаратау қаласы тұрғындарының ел арасында таралып кеткен жағымсыз әнгімелер бойынша  “TalasInvest Company” заводының басшылары “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Қоғамдық кеңес отырысы өтіп түсіндіру жұмыстары жүргізілді және “Талас тынысы” газетіне де шығарылды..

        Аудандық кеңестің отырыстары қорытындыланып, талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Нәтижесінде тұрғындардың сұранысы бойынша Қаратау қаласының ішінде 3 маршруттік автобус  ұйымдастырылып жүргізілді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және балаларға кедергісіз жүру үшін жолдар (бордюрлер) ыңғайластырылды. Қалада қоқыстарды жинауға, санит. тазалауға және қоқыстарды бөлек жинауға контейнерлердің жан-жағына ағарту жұмыстары жасалып, құрамында сынабы бар шамдарды,  картонды, пластикалық қалдықтарды және т.б. қалдықтарды жинауға 7 арнайы контейнерлер орнатылды, алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табуда.

         Жыл ішінде 42 нормативтік құқықтық актілердің жобалары (қаулы, шешім жобалары) қаралып ұсынымдар берілді.

        “Қоғамдық кеңестер туралы” Заңының 7 және 14 баптарын басшылыққа алып халыққа хабардар ету үшін, 2018 жылы «Талас тынысы» газетіне  12, аудан әкімінің сайтына 8 және q-kenes.kz@mail.ru ресми сайтына 7 мәлімет  жіберілді.         

 

28.12.2018ж. №98 “Талас тынысы” газетіне “Қорытынды шығарылды” деген атауымен мақала жарияланды.

Талас аудандық қоғамдық кеңесі.

 

Добавить комментарий