2019 ЖЫЛҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ

Т.Рысқұлов ауданының орталығы Құлан және Шөңгер ауылдарының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Т.Рысқұловаудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ жәнеТ.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ :
1. Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылының әкімшілік шекарасына (шегіне) Құлан ауыл округі жерінен жалпы көлемі 192,2544 гектар жер қосылып, Құлан ауылының онтүстік батыс жағынан жалпы көлемі 114,06 га, солтүстік батыс жағынан 27,2574 га, солтүстік жағынан 42,477 га,онтүстік жағынан 8,46 га, Шөңгер ауылының әкімшілік шекарасына (шегіне) Құлан ауыл округі жерінен жалпы көлемі 30,0582 гектар жер қосылып, Шоңгер ауылының солтүстік жағынан жалпы көлемі 15,0 га,солтүстік шығыс жағынан 3,6782 га, онтүстік батыс жағынан 11,38 га, Құлан және Шоңгер ауылдарының шекаралары (шегі) өзгертілсін.
2.Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Б.Қалыбаевқа жүктелсін.
3.Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Добавить комментарий