ЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР

Төменгі жалақы алушыларға салық салудың оңтайлы механизмі анықталды

Ағымдағы жылдың 2 қазан күні “Бес әлеуметтік бастама бойынша “Азаматтық бақылау” қоғамдық мониторингі” атты жобасының облыстық тәжірбиелік конференциясы Тараз қаласы, Домалақ Ана көшесі 268, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің Акт залында өткізілді.

Аталмыш іс шараға мемлекеттік орган өкілдері, жастар және бес әлеуметтік бастама бойынша қызмет алушылар қатысты.
Жиында Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс жүргізу басқарманың басшысы Қоспанов Өмірзақ Сайлауұлы Екінші әлеуметтік бастаманы іске асыру мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, төмен жалақы алатын қызметкерлерге салық салудың оңтайлы механизмі анықталғанын тілге тиек етті.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, 2019 жылдың 8 айының жеке табыс салығының жоспар көрсеткіші 2053,0 млн.теңге, ал нақты түсімі 2124,4 млн.теңге құрады, немесе жоспар 103,5 пайызына орындалған. Өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда, ағымдағы жылдың 8 айы ішінде жеке табыс салығының түсімі 502,8 мың.теңгеге артты, немесі 131,0 пайызға өскен. Өмірзақ Сайлауұлы :

“-2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметкердің салық салынатын кірісі 90% -ға азаяды. Қалған жалақыға 10% жеке табыс салық салынады, демек, салық жүктемесі 10 есеге азаяды”- деп сендірді.

Конференцияда көтерілген мәселелер мен сұрақтар облыстық Қоғамдық кеңеске жолданды.

Добавить комментарий