2020 жылБасқаларЖАҢАЛЫҚТАРНҚА

“Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы” Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 44-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының  2-3 тармағына, “Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2020 жылғы 8 қыркүйектегі №554 қаулысына сәйкес Шу аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. “Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның

мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы” Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 44-3 шешіміне  (Нормативтік құқықтық актілерді   мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4173 болып тіркелген, нормативтік құқықтық  актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 08 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін.

         Көрсетілген шешіммен бекітілген Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

3 тармақтың  1) тармақшасы келесі басылымда жазылсын:

” 1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субьектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді  және квазимемлекеттік  сектор субьектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді,  табиғи монополиялар субьектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік  сектор субьектілерінің қызметтерін көрсету өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді  жүзеге асыратын заңды тұлға”.

5 тармақ мынадай редакцияда  жазылсын:

“5. “Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы” Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында және “Ардагерлер туралы” 2020 жылғы  6 мамырдағы Қазақстан Республикасы  Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және  13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда  көзделген тәртіппен көрсетіледі.”

         14 тармақ мынадай редакцияда  жазылсын:

          “14. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтың әкіміне мынадай құжаттармен:

         1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

         3) өмірде  қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/ немесе құжатпен қоса өтініш береді”.

         15 тармақ мынадай редакцияда  жазылсын:

“15. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады”.             2.,Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық  құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.                      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы                                                 Мәслихат хатшысы

Добавить комментарий