2020 жылЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМАҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАРШУ АУДАНЫ

Шу аудандық қоғамдық кеңесінің 2020 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес 2020 жылғы 27 желтоқсандағы Қоғамдық кеңестің №49 хаттамасымен жұмыс жоспары бекітілді.

Қоғамдық кеңестің І тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 4 ақпанындағы кеңес отырысында аудан әкімі Ж.Айтақовтың «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылғы қорытындылары туралы» есебі тыңдалынды. Талқылаудың қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілді. Ұсынымдардың орындалуы тұрақты бақылауға қойылды.

Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «2019 жылдың қорытындысы бойынша ауданның атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы» Шу ауданы әкімі аппарат басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.Абайдың  хабарламасы тыңдалды, нәтижесінде ауданның атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын тұрақты бақылауда ұстау, заң талаптарына сай мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдеріне баса назар аудару жұмыстары жайында ұсынымдар қабылданды. Өткізілген отырыстардағы қабылданған ұсынымдардың орындалуын бақылау қоғамдық кеңес мүшелеріне жүктелді.

Сонымен қатар, қоғамдық кеңес отырыстарында «2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы», «Сайлау учаскелерін құру туралы», «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Шу ауданы ауылдық округтерінің жоспарын бекіту туралы», «Шу ауданының Шоқпар ауылдық округіндегі Школьная көшесін Балуан Шолақ есіміне ауыстыру туралы», «Шу ауданының Жаңақоғам ауылдық округіндегі №1 жаңа көшесін Қайрат Рысқұлбеков, №2 жаңа көшесін Қажмұқан Мұңайтпасов есімдеріне ауыстыру туралы», «Шу ауданынының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы», «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы», «Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №44-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Шу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қазандағы №34-2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы», «2020 жылға арналған өсімдік  шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік  шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы», «Шу аудандық шаруашылық субъектілер аумағынан Аққұдық учаскесінде темір кендерін барлау жұмыстарын жүргізу сервититуттарын бекіту туралы», «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «Әлеуметтік тұрғыдан қоралатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы», «Шу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға  туралы (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасын бекіту туралы», «2020-2022ж.ж. арналған аудандық бюджет туралы», «2020-2022 ж.ж. арналған қалалық және ауылдық округтерінің бюджеті туралы», ««Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Шу аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 21 маусымағы №29-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы», «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 57-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы»  және т.б. мәселелер қоғамдық кеңестің мүшелерімен талқыланып, жобалар мақұлданып, бекітуге ұсыным берілді.

Е. Досымбаев,

Шу аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы

Добавить комментарий