2020 жылЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМАҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАРШУ АУДАНЫ

Шу аудандық қоғамдық кеңесінің2020 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары туралы есебі

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес 2020 жылғы 14 ақпандағы Қоғамдық кеңестің №4 хаттамасымен жұмыс жоспары бекітілді. Қоғамдық кеңестің І тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 4 ақпанда кеңес отырысында аудан әкімі Ж.Айтақовтың «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары туралы» есебі тыңдалынды. Талқылаудың қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілді. Ұсынымдардың орындалуы тұрақты бақылауға қойылды.
Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «2019 жылдың қорытындысы бойынша ауданның атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы» аудан әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы Н. Абайдың
хабарламасы тыңдалды, нәтижесінде аудан әкімдігіне Шу қаласының аумағында халыққа қызмет көрсету орталығын ашу тетіктерін қарастыру бойынша облыс әкіміне ұсыныс жасау, ауданның атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын тұрақты бақылауда ұстау, «Электрондық үкімет бұрышы» бойынша ауылдық округ әкімдері аппараттары мамандарының «е-gov» бағдарламасын жетік меңгерулері үшін қажетті жағдай жасау туралы ұсынымдар қабылданды.
Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің ІІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Аудандағы мектептер мен балабақшалардың материалдық-техникалық базаларын нығайту жұмыстарының жәйі туралы»
аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы А.Бименбетовтың есебі тыңдалынып, аудандағы мектептер мен балабақшалардың материалдық- техникалық базаларын нығайту жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар қабылданды.
Қоғамдық кеңестің ІV тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Аудандағы автомобиль жолдарының жәйі туралы» аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Шаймкуловтың есебі тыңдалынды.
Аудандағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін автожолдардың сапасына барынша назар аудару және аудан аумағында жөндеуден өткізілген автожолдарды мердігерлерден қабылдауда талаптарға сай
жасалынғандығына бақылауды күшейту жөнінде ұсынымдар қабылданды. Өткізілген отырыстардағы қабылданған ұсынымдардың орындалуын қоғамдық кеңес мүшелері тұрақты бақылауда ұстады.
Сонымен қатар, қоғамдық кеңес отырыстарында «2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану туралы», «2020- 2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «2020-2022ж.ж. арналған қалалық және ауылдық округтерінің бюджеті туралы», «Сайлау учаскелерін құру туралы», «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы», «2020 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы
өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен  аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы», «Шу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған
тарифтерді бекіту туралы» және «Шу ауданынының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» және т.б. мәселелер қоғамдық кеңестің мүшелерімен талқыланып, жобалар мақұлданып, бекітуге ұсыным берілді.

Е. Досымбаев,
Шу аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы

Добавить комментарий