2020 жылБАЙЗАҚ АУДАНЫЖАҢАЛЫҚТАРКәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық дамыту басқармасы

Шағын орта бизнес

Шағын және орта бизнес
Қазіргі таңда Байзақ ауданында ресми тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 7047-ті құрайды. Оның 6000-і нақты жұмыс істеп тұр.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы аудан бойынша 193,8 миллион теңгеге 7 жоба жүзеге асырылды. Өткен жылдың 11 айында бизнесті қолдау шараларының мемлекеттік бағдарламалары аясында 2 160 тұрғын жалпы сомасы 1,245 миллиард болатын теңге шағын несиеге қол жеткізді.
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Мырзатай ауылдық округінде, «Әулие-Ата Феникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 148 миллион теңгені құрайтын инновациялық жобасы іске асырылып, 5 жаңа жұмыс орны ашылды. Осының нәтежиесінде қосымша 31,5 миллион теңгеге өнім алынды.
Мемлекеттік бағдарлама тетіктерін пайдаланып, Жаңатұрмыс ауылдық округінде жеке кәсіпкер Ләззат Жабатаева көкөніс консервілеу цехы мен көкөніс сақтау қоймасын салу бойынша инновациялық жобаны қолға алды. Жобаны іске қосу 2021 жылға жоспарлануда.
Бурыл ауылдық округінде «GRAND FOODS PREMIUM» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құны 500 миллион теңгеге жеміс пен көкөністі өңдеу және консервілеу цехының құрылысы мен өндірістік жабдықтарын сатып алу бойынша бизнес-жобасын іске асырып жатыр.
Мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті қолдау шараларын айқын сезінген аудан кәсіпкерлерінің экспорттық әлеуеті де артты. «Әулие-Ата Феникс» ЖШС Қырғызстан Республикасы мен Ресей федерациясына 147,9 миллион теңге болатын 269 тонна бройлер етін экспорттады. «Рола» ЖШС Қытай Халық Республикасына 15,3 миллион теңгені құрайтын 40,4 тонна кеспе және Ресей Федерациясына 178 тоннамакарон өнімдерін экспорттады. «Нұрлы жай» шаруа қожалығы Өзбекстан Республикасына 176 бас бұқа, «Дулат» шаруа қожалығы 100 бас бұқа және «Есалы»шаруа қожалығы 28 бас түйе өткізді.
«Март» жеке кәсіпкері Ресей мемлекетіне 1500 кг шұжық өнімдерін жөнелтті.
Есепті кезеңде өңірде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының кепілдеме тетігі бойынша 71 миллион теңгеге 4 жоба іске асырылды. Бағдарламаның несиенің пайыздық ставкасын субсидиялау тетігі бойынша 151 миллион теңгеге 9 жоба қанағаттандырылды. Ал инфрақұрылым жүргізу тетігі бойынша 2 жоба дайындалып, аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралып мақұлданды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 29 жасқа дейінгі азаматтарға берілетін мемлекеттік грантқа 43 жас кәсіпкер құжаттарын тапсырып, оның 8-і 15 миллион 500 мың теңге грантты жеңіп алды.
2019 жылы «Алель-Агро» АҚ ірі жоба іске асырылуда. Осы жұымс нәтежиесінде келер 2-3 ішінде 45 мың тонна тауық етін өткізуге қол жеткіземіз. Жоба құны 11,8 млрд теңгені құрап, 300 жұмыс орны ашылады.

Добавить комментарий