ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРСАРЫСУ АУДАНЫ

Сарысу ауданы бойынша  қоғамдық кеңес  жұмыстары жөнінде мәлімет

2019 жылдың  ақпан айының  1-жартысында Сарысу аудандық маслихатының кезектен тыс  47- сессиясында Сарысу ауданының қоғамдық кеңес құрамы жаңадан бекітілді. Сессиядан соң қоғамдық кеңестің жеке отырысы өтіп кеңес төрағасы етіп, Қ.Мәмбетов сайланған болатын. Осы бас қосу нәтижесінде жаңа кеңес құрамы аудан әкімі Б. Нарбаев, аудандық маслихат хатшысы С.Бегеев  және кеңес мүшелері  қатысты.

       Жиын барысында  аудан әкімі жаңадан сайланған қоғамдық кеңестің  жаңа құрамымен таныса отырып, жұмыстарына табыс тіледі. Сонымен қатар бас қосуда  аудан басшысы алдағы уақытта атқарылатын іс-жоспарларға тоқталып қоғамдық кеңестің негізгі міндеттері мен  мақсаттарына, азаматтық, қоғамның қоғамдық маңызды мәселелері бойынша пікір білдіру жататының, сондай-ақ қоғамдық  кеңестің міндеттері, қоғамның мүдделерін білдіру, жергілікті жерлерде шешімдерді талқылау, қабылдау, пікірлерді ескеру  сондай-ақ қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, атқарушы органдармен жергілікті басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететінін айтып өтті.

 

Добавить комментарий