2020 жылЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМАҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАРСАРЫСУ АУДАНЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

Қоғамдық кеңес мүшелері ауданда өткізіліп отырған жиындар мен жиналыстарға, аудандық жұмыс комиссиялары мен топтарының іс-әрекеттеріне белсенді түрде ат салысып келеді.Қоғамдық кеңес отырыстарында жоспар бойынша төмендегідей мәселелер зерделеніп, талқыланды:

  • 1.Сарысу аудандық әкімдігінің Ветеринария бөлімінің басшысы А.А.Оспанов аудандағы жеке мал шаруашылық тұрғындарына, малдарға, жұқпалы ауруларға қандай ем-дом атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.
  • 2. «КазСуШар» аудандық бөлімінің басшысы А.Төлмағанбетов аудан тұрғындарына жиналған қызыл суды тиімді пайдалану жөнінде атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтты.
  • 3.Сарысу аудандық әкімдігінің ТҮКШ ЖКжАЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев аудандағы қоғамдық көліктің қатынастары жөнінде атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.
  • 4.Сарысу АПБ бастығы Полиция полковнигі Қ.С.Бекхожаевқа ауданда шетел азаматтары қазіргі күнде барма, сол туралы толық айтып берді.
  • 5. «Сарысу Сулары» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Ж.Сексембаев «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауданның кейбір елді-мекендерінің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайы туралы айтты.
  • 6.Сарысу аудандық «Жастар ресурстық орталық» ММ бөлімі басшысының уақытша м.а. Қыстаубаева Жансая Сарысу ауданының «Еріктілер жылына» байланысты жұмыс барысы туралы айтты.
  • 7.Сарысу аудандық орталық аурухана бөлімінің басшысы Б.Бегманова аудандағы 2019 жылы және 2020 жылдың 1-ші тоқсаны бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтты.
  • 8.Сарысу аудандық «Қазпочта» АҚ бөлімінің басшысы Қ.Сметов аудан халқына көрсетіп жатқан қызметтерінің сапасы туралы айтты.
  • 9.Сарысу АПБ бастығының м.а. полиция подполковнигі А.Аташев аудандағы полиция қызметінің 2020 жылда атқарған және алдағы уақытта атқаратын жұмыстары туралы айтты.
  • 10. Сарысу ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы бөлімі басшысы Т.Абдраев ауылдық елді-мекендерге және Жаңатас қаласына тұруға және жұмыс істеуге келген денсаулық, әлеуметтік, білім беру, мәдениет саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын жасау туралы атқарылып жатқан жұмысын айтты.
  • 11.Сарысу аудандық әкімдігінің «Жаңатас-Су-Жылу» КМК бөлімінің басшысы Г.Искаков аудандық коммуналдық шаруашылық обьектілері 2020-2021 жылғы жылыту маусымына дайындығы туралы айтты.
  • 12.Сарысу аудандық біріктірілген қорғаныс бөлімі басшысы майор А.Пшаев 2020 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жағдайында атқарылып жатқан жұмысы туралы айтты.
  • 13.Сарысу ауданы әкімдігінің Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысы Б.Шалабаев «Бизнестің Жол картасы2020» мемлекеттік бағдарламасының Сарысу ауданында жүзеге асырылуы туралы атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтты.
  • 14.Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі КММ м.а. Е.Сазанов ауданда дене шынықтыру мен спортты дамыту жұмыстарының жәйі мен міндеттері және аудандағы спорт мектептерінің жетістіктері мен алдағы істері туралы айтты.
  • 15.Сарысу аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы С.С.Артықбаев аудан бойынша елді-мекендердің санитарлық-эпидемологиялық жағдайы және санитарлық-экологиялық айлық өткізуі туралы айтты.
  • 16.Сарысу аудандық әкімдігінің Қаржы бөлімінің басшысы Қ.Аукенов 2020 жылғы 6 айлық бюджетінің орындалу барысы туралы айтты.
  • 17.№5 Жаңатас колледж директоры М.Ш.Стамбеков 2020-2021 оқу жылдарына даярлығы туралы атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтты.
  • 18.Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының «Жаңатас көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Н.Е.Туйтебаева 2020- 2021 оқу жылдарына даярлығы туралы атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтты.
  • 19.Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Б.Б.Үсембаев аудандағы көпбалалы аналарға, жағдайы төмен отбасыларға 1 жастан 3 жасқа дейінгі, 3жастан 6жасқа дейінгі және мектеп жасындағы балаларға қандай әлеуметтік көмектер берілетінін айтты.
  • 20.Жамбыл облысы Білім басқармасының «№11 Сарысу колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысы А.Сейналиев 2020-2021 оқу жылдарында атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Қоғамдық кеңес қарауына ұсынылған нормативтік құқықтық актілерін жобаларын қарау мәселесі бойынша 20 мәселе қаралып, сәйкесінше ұсыныстар беріліп, хаттамалар толтырылды.Кеңейтілген отырыстарда және халықпен кездесу барысында үгіт-насихат тобымен бірге короновирустың қаншалықты қауіпті індет екені насихатталды.

Қоғамдық кеңес төрағасы: Ж. Даулетбаев             Қоғамдық кеңестің хатшысы: Т.Айдиков

Добавить комментарий