СҰРАҚ – ЖАУАП

Құрметті сайт қонақтары! Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесі сайтына қош келдіңіздер!

 
 
 
 
 
 
Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *.
Сіздің Email-ңыз жарияланбайды.
Қауіпсіздік үшін біз IP мекенжайды сақтаймыз 3.91.157.213.
7 сұрақ.
Жылыту маусымының қарсаңында, жер-жерлерден қысқы жылу жүйелерінің дайындығы туралы кейбір шұғыл ақпараттар түсуде. Осындай шұғыл ақпараттың бірі Шу ауданы, ескі Шу ауылдық округы құрамындағы Белбасар ауылының тұрғыны Аңсабек Нұрғисаұлы Шопабаев мырзадан келіп жетті. Ақпаратқа сәйкес, Белбасар ауылын газдандыру жұмыстарын өз міндетіне алған мердігер – Жуалы кентінде орналасқан «Бурул – Бетон» бірлестігі ауылға газ жүргізу трубаларын монтаждаған. Әр үйге газ жеткізудің құны – 310 мың теңге деп, ауыл тұрғындарымен алдын-ала келісім-шарт та жасасқан. Енді, жылыту науқаны таянғанда – жоқ, 310 мың теңге емес, енді 400 мың теңгеден төлейсіңдер, әйтпесе газсыз қаласыңдар деп келісім-шарттан көпе-көрнеу бас тартып отыр дейді, ауыл тұрғыны А.Н.Шопабаев мырза, мерігердің бұлай құбылуын түсінбей. Халықтың, ойламаған жерден, қалтасынан 400 мың теңге суырып беруге әл-ауқаты жете бере ме? Өзіне өндірістік міндеттеме алған мердігердің, қоғам алдындағы уәдесінен тайқып кеткеніне наразы ауыл тұрғындарына жауапты енді кім беруі керек? Қыр астында тұрған қыс мезгілі жеткенде белбасарлықтар қиналып қалмай ма? Осы сұрақпен Шу ауданы әкімдігіне, мердігер мекеме басшыларына да қайрыламыз!
Жауап: Қауымдастық әкімшілігі
Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар ауылының тұрғыны А.Шопабаевтің арызы бойынша келесіні мәлімдейміз. Ескі-Шу ауылдық округіне қарасты газ құбыры өтетін жолдың бойындағы Белбасар ауылына сол елді мекен тұрғындарының сұранысы бойынша 2013 жылы газ тарту жұмыстарын «Бурыл Бетон» ЖШС-і бастаған болатын. 2016 жылғы 23 желтоқсанда ауылдық округ әкімінің төрағалығымен, «Бурыл Бетон» ЖШС директоры А.Байбағаровтың және ауыл ақсақалдары мен тұрғындарының қатысуымен өткен жиналыста (хаттама №37) мердігер ұйым әр үйге газ тарту құнын бастапқы 310 мың теңгеден 400 мың теңгеге көтерілгенін мәлімдеп, осы бағада келісім шартқа отыруға шақырған. Ауыл тұрғындарының мердігер ұйыммен алғашқыда жасалған келісім шарт Заң аясында екі жақтың келісімімен өзгертіледі. Мердігер ұйым әр үйге газ тарту құнын себепсіз көтерген, немесе газ беруін тоқтатқан жағдайда, тұрғын үйдің иесі сотқа шағымдануға құқығы бар екендігін хабарлаймыз. ҚР «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық Заңының 1-бабына сәйкес, сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Қосымша: парақ. Басқарма басшысының орынбасары Н. Тілегенов Қосымша: https://q-kenes.kz/wp-content/uploads/2018/09/jpg2pdf-1.pdf
Қауымдастық әкімшілігі : 26/09/2018 в 3:03 пп:
Жанқұлов Тәуекел: Көлік – қоғам дамуының күре тамыры болғандықтан Елбасы бұған зор көңіл бөлуде, сондықтан бұл сала аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Аталмыш оқиға 18 мамыр 2018ж. Сағат 11-10 – 11-30, №27 маршрут-автобус N 492-08, Орталық (Достық алаңы) пен Бек (Ауыл Береке базары) аялдамалары аралығында орын алды. Салон іші пассажирлерге толы. Жүргізушілердің жол ережелерін бұзып, басқа көліктермен жарыса айдап, рольді оңды-солды бұрып айдауы адамдардың өміріне қауіп туғызды, соның салдарынан салонда үрей пайда болып, у-шу басталды. «Көлікті ақырын, жәй айдаңыз» деген талапқа жүргізуші құлақ аспады, қайта ерегісе түсіп, автобусты аялдамада жұлқып тоқтатып, жұлқып қозғағанын қоймады. Салондағы әйелдер мен жас балалар денелерін қатты ұрып алғандықтан жылап жатты. Ең өрескел болғаны қолыңдағы аса таяғымен зорға тұрған, сүйемелдеуші немере қызы бар, өзінің аялдамасында түсу үшін шығуға дйындалып тұрған қарт ананы аялдамасына: «Түсір, аяғым шыдамайды»,- деп қатал талап етсе де,түсірмей, налытып, келесі аялдамада түсіріп тастады. Кейуанаға бір аялдама кейін қайтуға тура келгені анық.Салон ішіндегілер оның бұл әрекетіне : «Мынаның дені сау емес қой, арақ ішкен бе»?!- деп таңырқасты. -Көмекші кондуктор әйел болса да, бүкіл салонды басына көтеріп бар даусымен аялдаманы өзі хабарлап жатты. -Жүргізуші рольде отырып, барынша дауыстап, алаңдап, смартфонмен сөйлесіп қоймаған соң шыдай алмай: «Айғайлап,бар даусыңменнеге сөйлейсің, алаңдама»,- деп менің оған мәжбүрлі түрде ескерту жасауыма тура келді.Бірақ оған мән беріп жатқан ол болмады.Керсінше, салондағы адамдардың әрқайсысымен арсылдасып бақты. -Салоннның тазалығы мен дизайны талапқа сай емес. -Салондағы адамдардың ызасын шегіне жеткізгеннің куәсі болған Орал қаласынан құдалққа келген, бір қонақ әйел менің жүргізушіні пәрменді тәртіпке шақырғанымды байқап, маған қарап: «Бізде жүргізушілер тарапынан болған мұндай әдепсіздік болғанын көрмедім», - деп басын шайқады. Әрине, бұл киелі Әулиеата тұрғындарына берілген бағадай көрінді. Менің намысым пәстеніп қалғанын жасыра алмадым. Тек аялдамада түсер кезде, түрік жазушысы Н.Хикмет айтқандай, шындықты айту мақсатымен, мұндай бейбастыққа тосқауыл қою үшін, автобустың ақпарат тақтайшасынан таппаған соң, жүргізушінің аты-жөнін білу үшін одан фамилиясын айтуды өтіндім, сонда ол маған: «Фамилиямды ЦОН-ға барып тауып ал?!» - деп дәулік танытып, дөрекі қайтара салды. Оның бұл қылығы құқығын, правосын шектеу деп баға беріледі: 1. Пассажирдің өтінішін қанағаттандырмады. 2. Дөрекілік танытты. 3. Кешірім сұрамады. Сайып келгенде, біз бұдан: «Қойына қарап, қойшысына баға берер» болсақ, жүргізушінің өрескел, дөрекі, хулигандық тәртібіне қарап, көлік мекемесі басшыларының рухани жаңғыруға, мәденитке, Елбасының ішкі саясатына мән беру деңгейінің құлдырап кеткенін байқау қиын емес. Өйткені, басшылар дамыған елдердегідей пассажир ролінде болып, қоғамдық көлікке (автобусқа) мініп ел араламайды. Нәтижесінде тәртіп те, тәрбие де «самотекке» кеткені байқалады... Басшылардың да, жүргізушілердің де психологиясы біржақты қиғаштанып, ақша табу жағына ауып кеткен тәрізді. Қорыта келе, облыс және қала басшыларының назары көлік департаментінің жүйесіз жұмысына түрде назары ауып, нәтиже шығару қажетті де кезек күттірмейтін мәселе.
Жауап: Қауымдастық әкімшілігі
Құрметті, Жанқұлов Тәуекел! Сіздің, «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының атына жолданған хатыңыз, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қарастырылып, нәтижесін төмендегідей хабарлаймыз. Қалалық №27 автобус бағытының жұмысын ұйымдастырушы «ТаразТрансМоторс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысына, аталған бағыттың жүргізушілерімен қатаң жұмыс жүргізуін тапсырылды. Алдағы уақытта мұндай кемшіліктер қайталанатын болса, жүргізушілер 5-10 күнге дейін жұмыс күндерінен шеттетілетін болады. Хатыңызда көрсетілген мемлекеттік нөмірі kz 492 KCA 08 автокөліктің жүргізушісі У.Суанбековке тиісті шара қабылданып, ағымдағы жылдың қыркүйек айының 24, 25, 26 күндері аралығында уақытша жұмыстан шеттетілді. Бөлім басшысы Б.Жақсылықов
Токбергенов Орынбасар Пернебаевич : 30/08/2018 в 7:33 дп:
Құрметті !Қоғам кеңесшілері. Қоятын сұрағым. 11-округ Құмшағал тұрғындарының атынан жалпы өтініш. Айта-айта шаршасақта қайтпаймыз. Атам қазақ жаудан қайтпағанда, бізде қайтпаймыз. Құмшағалдың дәл ортасында үйдің майаңында 2015ж үлкен көлемінде Нефтибаза соғылды. Ол деген үлкен атомный бомба сияқты. Біз арыздандық жергілікті оргындарға өтірік жауап берді. Демек сол Нефтибазаның басшысы келіп өтініш жасап, шағынданбаңыздаршы деп өтініш жасады. Қандай көмек керек екенін өтінді. Біз халық болып жиналып Спорт кешенін соғып береалысызба деп айттық. Әрине Нефтибазаның басшысы Мухиеев Есей бір ауыздан қуанып соғып беремін деп уәдесін берді. Әлі күнге дейін қашып жүр. Сенбесеңіздер маған хабарласыңыздар бәрін ашып айтып беремін. Әділдік қайда екен. Бізге қолдау көрсетсеңіздер екен. Үял:87473132780
Жауап: Қауымдастық әкімшілігі
Құрметті Орынбасар Пернебайұлы! «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқарамасы» КММ «Интернет-қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» атты әлеуметтік жоба аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Q-KENES.KZ қабылдау желісі жұмысын бастады. Сіздің сауалыңыз Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Н.Алдамжаровқа жолданды, сұрағыңызды қабылдады. Ізгі ниетпен: «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
Сағындық Сураншиев Толыбайұлы : 22/08/2018 в 3:01 пп:
Айтайын дегенім Тараз қаласының ауруxаналарының қызметкерлері, мед бикелері, қосымша этика эстетика деген сабак өткізу керек секілді. Нақты айтсақ номері-1 қалалық ауруxана жедел кабылдау бөлімі. Олар әрине уйреніп калган кунде неше турлі адам көріп. Алайда ауырып жаткан және қасында журген жакындарымен агрессия турінде жауап беріп, урысып журе береді. Кішкене сабырлы болу деген нәрсе бар осыны уйрету керек секілді. Құзырлы органдар естіп шара қолданар деген уміттеміз.
Жауап: Қауымдастық әкімшілігі
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Сізге 2018 жылдың 27 тамызында Q-KENES.KZ ресми сайтына жолданған сауалға байланысты төмендегідей ақпаратты жолдайды. №1 қалалық аурухана әкімшілігі 2018 жылдың 3 қыркүйек күні қабылдау бөлімінің жұмыскерлеріне жалпы жиналыс ұйымдастырып, науқастар және олардың туыстарымен қарым-қатынас жасауда этика-деонтология талаптарын ұстану, өз қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде атқару, қатаң ұстануды тапсырды. Бөлім меңгерушісі және аға мейірбикелерге аталған шағыммен таныстырылып, ауызша ескерту жасалындды. Басқарма басшысы М.Жұманқұлов
Ұлы Жамбыл баласы : 14/08/2018 в 9:29 дп:
Еңбектерің елене берсін дейміз?
Жауап: Қауымдастық әкімшілігі
Аумин рахмет, Өркенің өссін!
Шерхан Молдахмет : 07/08/2018 в 12:13 пп:
СІздер қауымдастық жұмысы барысында қандай мәселелерге аса көңіл бөлесіздер?