2020 жылЖАҢАЛЫҚТАРӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАРТАЛАС АУДАНЫ

Қүрделі мәселелер қаралды

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 15 жұлдызында Талас аудандық Қоғамдық кеңес отырысында үш мәселе қаралды, атап айтқанда сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, “Талас таза-су” көпсалалы кәсіпорының ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен
қамтамасыз ету жайлы. Үшінші мәселе Қоғамдық кеңестің мүшелігінен шығуға түскен өтініштер.

Аталған мәселелер бойынша мекеме басшылары Д.Жаманбаев пен  М.Несипбаев баяндап, кеңес мүшелерінің талқылау барысында туындаған сұрақтарына толығымен қанағаттанарлықтай жауаптарын берді. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша мынандай шешімдер қабылданып, орындау мерзімдері белгіленді.

Аудан әкімі Б.Қазанбасовқа хат дайындалып, жіберілсін, оның ішінде:  Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы  Д.Жаманбаев:

– “Бөлтірік шешен” скульптурасы қалпына келтірілсің.
– Қаратау қаласының кіреберісіндегі  “Рухани жаңғыру” құрылысының аяқталуына ықпал жасалсын;

– Көп қабатты үйлердегі пәтер иелері сауда орындарына айналдырған нысандарының халықтың қауіпсіздігіне сай болуы тексеріп тексеріліп, мониторинг жасалсын;

– Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің жанынаң құрылған комиссияларға Қоғамдық кеңестің мүшелері енгізілсің.

“Талас-Таза су”  көпсалалы кәсіпорының басшысы М. Несипбаев:

– Ауыз суды тұщыландыратын (опреснитель) қондырғы орнатуға және тарихи орындарды аббаттандыру үшін суландыруға, электрлендіруге, жол салуға бюджеттік өтінім жасап, қаржы сұрауы ұсынылсын.

Қоғамдық кеңес мүшелігінен өз өтініштеріне сәйкес төрт адам шығарылды.

М.Қарғабаева, аудандық Қоғамдық кеңестің хатшысы

Добавить комментарий