2021 жылБАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМА

Қордай ауданы әкімінің Қоғамдық кеңес алдында есебі

Өткен аптада «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімі Рүстем Дәулет қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Онда аудан басшысы өткен жылы ауданда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, кеңес мүшелері тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді.

Жалпы, былтырғы жылы ауданда атқарылған жұмыстар ауқымды. Мемлекет басшысының бастамасымен ауданға қомақты қаржы бөлініп, бүгінде межеленген жұмыстар толығымен аяқталды. Атқарылған жұмыстардың арасындағы ірісі аудан елді мекендерін газдандыру мәселесі. Егер күні кешеге дейін аудан тұрғындарының тек 48 пайызы көгілдір отынмен қамтылған болса, бүгінде бұл көрсеткіш 95 пайызға жетіп отыр. Сондай-ақ, ауданда құрылыс жұмыстары да қарқынды түрде жүзеге асырылды. Аудан орталығында бірнеше көпқабатты үйлер ел игілігіне берілді. Дәл осындай жұмыс Гвардейский қалашығында да атқарылып, биологиялық қауіпсіздік институтының қызметкерлеріне арналған көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Баспана мәселесі мұнымен тоқталмай Қаракемер ауылында да жалғысын тауып, жиырма отбасы үйлі болды. Сонымен қатар, «Ауыл ел – бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» атты мемлекеттік бағдарламалар аясында ауылда бұрын-соңды болмаған жұмыс қолға алынды. Мәселен, Қордай ауылында аталмыш бағдарламалар аясында жүзден астам көше толықтай жөндеуден өтіп, ондаған көшеге тротуар төселіп, жарық шамдары орнатылды. Мұндай жұмыстар өзге де ауылдарда  орны алды. Білім саласы бойынша да көптеген жұмыстар атқарылғанын айта кеткен жөн. Аудандағы төрт білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, екі жаңа мектептің құрылысы қарқын алды. Ауыз су мәселесі де басшылықтың назарынан тыс қалған жоқ. Атап айтсақ, Арал, Өтеген, Қаракемер, Кенен ауылдарында ауыз су жүйелері жаңартылып, биылғы жылы өзгеде ауылдарда дәл осындай жұмыстар жүргізілетін болады. Баяндамасы барысында ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге тоқталған Рүстем Рысбайұлы алдағы жылға межеленген жұмыстардың жоспарларымен бөлісті. Ауданда бір жылы бойы атқарылған ауқымды істерді тыңдаған қоғамдық кеңес мүшелері аудан басшысының жұмысына оң баға беріп, жұмысына сәттілік тіледі. Сұрақ жауап кезеңінде кеңес мүшесі Фатимат Байбекова аудандағы музей мәселесін көтеріп, тозығы жеткен ғимараттың құнды заттарды сақтауға тарлық ететінін сөз етті. Рүстем Дәулет бұл жағдайдан хабардар екенін айтып, биылғы жылдың жоспарына енгізіп, қоғамдық кеңес мүшелерімен ақылдасу арқылы мәселені қолға алатынын алға тартты. Сонымен қатар, аудан орталығындағы «Балауса» балалар сауықтыру кешенінің де мәселесі қозғалып, ол бойынша осы жылы тиісті жұмыстар жүргізілетіні жеткізілді. Жиын барысында аудан басшысы аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныс тілектеріне құлақ түріп, алдағы жылдары бірлесіп жұмыс атқаратынын айтты.

Қордай аудандық Қоғамдық кеңес

Добавить комментарий