2021 жылҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОРДАЙ АУДАНЫӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің 2021 жылдағы атқарылған жұмыстарының есебі

Қордай аудандық Қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасы Қоғамдық кеңес туралы заңы мен  Қазақстан Республикасы үкіметінің 2015 жыл 31 желтоқсандағы № 1194 Қаулысымен бекітілген қоғамдық кеңестің үлгі Ережесі негізінде өз қызметі мен өкілеттігін іске асыруда. 

Үстіміздегі жылы жоспарға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалында халыққа қызмет көрсету жұмыстарына зерделеу нәтижесі, бөлімдерінің атқарып жатқан жұмыстары  туралы есебі тыңдалып, атап айтқанда халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мамандардың біліктігін, БАҚ, интернет желілері арқылы халықтың өзі-өзіне қызмет көрсету сауаттылығын арттыруға тиісті ұсыныстар берілді. 

Сонымен қатар, қызмет алушылардың кезегін азайту мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді барынша электрондық нысанға көшіру бағытында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе тиісті іс-шаралар атқарылуына және жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және  мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта (тактильдік жолдар, арнайы маманның бекітілуі) құру бойынша жұмыстарын жандандыруғатапсырмалар берілді.

Ауданда үйлесімді қоғамдық қатынастарды дамыту,  елімізде тұратын барлық этностар арасында қазақ халқының тілін, тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік қағидаттарын танымал етуге ықпал жасау жөніндегі аудан әкімдігінің ішкі саясат және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің атқарып жатқан жұмыстары  туралы есептері тыңдалды.Оның ішінде,қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауда ауданда ішкі мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруға қатысу, мемлекеттілікті, халық бірлігін одан әрі нығайту және ауданның тұрақтыдамуы үшін қоғамның бірігуін қамтамасыз ету,ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауын, ҚР Үкіметінің бағдарламаларын түсіндіру мен насихаттау, аудан әкімі қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыруда ұйымдық- идеологиялық шараларды қамтамасыз ету, аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, қоғамдық ұйымдармен, діни бірлестіктермен, саяси партиялармен арадағы байланысты қалыптастыру, жастармен жұмысты ұйымдастыруды және жандандыру бойынша мәселелер қарастырылып, тиісті ұсынымдар берілді.

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан тұрақты түрде сыртқы көрнекі ақпараттарға зерделеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырып, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 21 бабында көрсетілген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету және бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, басқа да көрнекі ақпараттардың мемлекеттік және ресми тілде жазылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесін арттыруды жүзеге асыру бойынша пәрменді жұмыс атқару және мемлекеттік тілдің беделін, сұранысын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, дәріптеу бойынша ұйымдастырылатын іс-шаралардың санын арттыру және сапасына мән беру туралы ұсыныс берілді.

Этно-мәдени бірлестіктер өкілдерінің этностар арасында қазақ халқының тілін, тарихын, дәстүрін, гуманитарлық-адамгершілік қағидаттарын танымал етуге бағытталған шараларды ұйымдастыруына басымдық беру және аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты тілдерді оқыту орталығының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту туралы ұсынымдар берілді.

Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне          бағаны тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу, тәжірибеге енгізген әлеуметтік сөрелердің жұмыстарын жандандыру, тауарларын жаңалап отыру, әлеуметтік дүкендер санын көбейтіп, жұмысын тұрақтандыруды, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп негізгі тауарлар мен қызметтерге бағаны тұрақтандыру мақсатында аудан аумағындағы тауар өндірушілер, көтерме жеткізушілер, сауда үйлері, дүкендер мен базар басшыларымен әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік тауарларына, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтерге бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу туралы меморандумдар жасауды қол алуды  және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелер санын көбейте отырып, сатылымдағы тауарлар түрлерін ұлғайтып, төмен бағамен сатуға қол жеткізу табысталды.

2021 жылдың 1-4 тоқсандарында «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын зерделеу,  «Өзін – өзі қызмет көрсету» бұрыштары және аудан әкімдігінің бөлімдері тарапынан «Е-Лицензиялау», «Е-Әкімдік» деректер қоры арқылы көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жұмысына талдау жасау бойыншаЖамбыл, Алға, Степной, Бетқайнар, Сарыбұлақ, Отар ауыл округтері әкімдерінің есебі тыңдалып, аудан әкімдерінің мамандары тартылып, методикалық және тәжірибелік көмектер көрсетілді.

Сонымен қатар,  үшінші тоқсанда Қордай АПБ-нің  атқарылған жұмыстарының есебі қаралды, ондааудан аймағында қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол  қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік тәртіп бұзушылықтарды ашу, алдын алу және тоқтату, қылмыстарды ашу, анықтау бойынша профилактикалық іс-шараларды жандандыру, мемлекеттік қадағалау, бақылауды күшейту бойынша ұсыныс берілді. Сонымен қатар,ұсталған және тұтқындалған, тұратын орны, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын орын белгіленіп, стандарт талабына сәйкестендіру және кәмелеттік жасқа  толмағандар арасындағы қараусыздықты және құқық бұзушылықты ашу және тоқтату жөнінде тиісті мекеме басшыларымен бірге іс-шаралар қабылдауға ұсыныс берілді.

Зерделеу нәтижесінде үстіміздегі жылдың 1 қазаннан бастап Масаншы ауылдық емханасының фельдшелері алкогольді тұтыну фактісіне куәландыру жүргізу үшін  арнайы оқытудан өтті, Отар ауылы бойынша барлық қажетті құжаттар дайындалып, фельдшелері алкогольді тұтыну фактісіне  медициналық куәландыруға  оқыту жоспарлануда, орталық  аудандық емхана арқылы алкотестерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу порталына өтінім берілді.

Аудандық қоғамдық кеңес тарапынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік тәртіп бұзушылықтарды ашу, анықтау, алдын алу бойынша қызмет барысында әлі де шешімін таппаған мәселелер бар екендігі анықталды. Осыған орай, ауданымызда халық санының жылдан жылға өсуіне байланысты және Қордай ауданы аумағы Қырғыстан Республикасымен шекаралас болуына байланысты учаскелік полиция инспекторының және жол патрульдік полиция инспекторларының саның ҚР заңмаларына сәйкес ұлғайтуға,әрбір жергілікті полиция бөліміне қарасты аумақтарда  типтік тұрғын жаймен біріктірілген учаскелік полиция пункттерінің салуына ықпал етуге облыстық басқармаға хат жолданды.

Орталық емхана мен аурухананың халыққа қызмет көрсету сапасы туралы аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің   есебі тыңдалып, нәтижесінде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, оны жетілдіру,  БАҚ, интернет желілері арқылы халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жандандыру, халыққа терапевт дәрігеріне жазылу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, кадрлар тапшылығы бойынша мәселені шешу бойынша ұсынымдар берілді. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерлердің жұмысын стандартқа сәйкестендіру, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта (тактильдік жолдар, нормаға сәйкес пандустар,  арнайы маманның бекітілуі) құру бойынша шешім қабылданып, ұсынымдар берілді. Ас мәзірін қайта қарау туралы ұсыныс облыстық денсаулық сақтау басқармасына жіберілді. 

Кеңес отырысында аудандық білім беру саласымен басқа да мекемелердің қысқа дайындық мәселелері қаралды. Аудандық білім бөліміне іс-шаралар қабылдау ұсынылды, атап айтқанда аудандағы мектептердің ғимараттарындағы өрт сөндіру құралдарының пайдалану уақытын сәйкестендіру, мектептердің қазандықтарын газдандыру мәселелерін шешу, мектептердің шатырларына су ағар орналастыру мәселелерін шешу, аудандағы мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары мен  қосымша дәретхана салу мәселелерін шешу үшін облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім беру тапсырылды.

Сонымен қатар, Қордай аудандық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі мекеме басшысына аудандағы білім мекемелерінің жылумен қамту жүйелерін қатты отын- көмірмен  толық қамтамасыз ету, жылумен қамту орталықтарының жұмысшыларын толық нұсқаулықтардан өткізіп, тиісті құжаттармен және өрт қауіпсіздігіне қарсы талапқа сай құралдармен толық қамтамасыз ету, жылу орталықтарын газбен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін  қарастыру туралы ұсыныстар берілді.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысына аудандағы мемлекеттік мекемелердің өрт қауіпсіздігіне дайындық мәселелерін  зерделеу тапсырылды.

Қордай аудандық Пошта бөлімінің басшысына аудандағы пошта бөлімшелерінің қысқа дайындығы талапқа сай емес, дайындықтары жоқ екендігі атап көрсетіліп, тиісті іс-шаралар қабылдау ұсынылып,  АҚ Қазпочта облыстық филиал директорына хат жіберілді.

Қоғамдық кеңес мүшелері ауданда өткізіліп отырған жиындар мен жиналыстарға, аудандық  жұмыс комиссиялары мен топтарының іс әрекеттеріне белсенді түрде атсалысып келеді.

Қоғамдық кеңес қарауына ұсынылған нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қарау мәселесі  бойынша  2021 жылдың жоспарына сәйкес барлығы  14 мәселе қаралып, шешімдер шығарылып, ұсыныстар берілді. Жобаларды қарау кезінде заңнамалық мерзімдер  сақталды.

 Жалпы кеңейтілген отырыстарда және халықпен кездесу барысында үгіт-насихат тобымен бірге мемлекет басшысының Жолдауы мен коронавирустың қаншалықты қауіпті індет екені туралы, қазіргі кезде Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттары, «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын халық арасында  түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 

Аудандық қоғамдық кеңес атқарылған жұмыстары туралы аудандық қоғамдық-саяси «Қордай шамшырағы» – «Кордайский маяк» газетіне 9 мақала жариялады.

Қоғамдық кеңестің қарауына жеке тұлғалардан келіп түскен арыз–шағымдар тиісті мекемелерге жіберіліп, олардың өтініштері қанағаттандырылды.

Қордай аудандық

Қоғамдық кеңес төрайымы                                                      Б.Қарамолдаева

Добавить комментарий