2020 жылБАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМАҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУҚОРДАЙ АУДАНЫӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебі

Қордай аудандық Қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасы Қоғамдық кеңес туралы заңы мен Қазақстан республикасы үкіметінің 2015 жыл 31 желтоқсандағы  № 1194 Қаулысымен бекітілген қоғамдық кеңестің үлгі Ережесі негізінде өз қызметі мен өкілеттігін іске асыруда. Қоғамдық кеңес өкілеттілігі кеңес төралқасы, комиссиялар, жұмыс тобы және әрбір мүшенің қызметі негізінде атқарылады. Кеңес төралқасы 3 комиссияның қызметін басқарады, жоспарға енгізілген сұрақтар бойынша отырыстар және
кеңес жұмысының ақпараттық қолдауын ұйымдастырады. Қоғамдық кеңес мүшелері ауданда өткізіліп отырған жиындар мен жиналыстарға, аудандық жұмыс комиссиялары мен топтарының іс әрекеттеріне
белсенді түрде атсалысып келеді. Қоғамдық кеңес отырыстарында жоспар бойынша төмендегідей
мәселелер зерделеніп, талқыланды:
– Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің 2019 жылғы аудандық бюджеттің
орындалуы туралы есебі тыңдалды;
– Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыссыз
жастардың мәселелері, жастардың бизнес бастамалары мен стартап жүйелерін
қолдау бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсыныстар берілді;
– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл
облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету департаменті бойынша
Қордай аудандық бөлімін зерделеу жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды,
тиісті ұсыныстар берілді;
– «Жастар саясатының ауданда орындалу барысы» туралы атқарылған
жұмыстарының есебі тыңдалып, кемшіліктер бойынша іс-шара қабылдау
ұсынылды;
– Ауданда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды тұрғын үймен қамту мәселесі
және оның орындалу барысы бойынша есебі тыңдалып, тиісті ұсыныстар берілді;
– Ауданда су ресурстарының тиімді пайдалануы және ауыл шаруашылық
ұйымдарының сумен қамтамасыз ету жұмыстарының есебі тыңдалды. Қаралған
мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жұмысты жақсарту бойынша
ұсыныстар берілді.

Қоғамдық кеңес қарауына ұсынылған нормативтік құқықтық актілерін жобаларын қарау мәселесі бойынша 15 мәселе қаралып, сәйкесінше шешімдер шығарылып, ұсыныстар берілді. Жобаларды қарау кезінде заңнамалық мерзімдер сақталды. Кеңейтілген отырыстарда және халықпен кездесу барысында үгіт-насихат тобымен бірге коронавирустың қаншалықты қауіпті індет екені насихатталды. Қордай ауданы бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында, оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын жобаларды бақылау жөніндегі құрылған жұмысшы топта аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері де жұмыс атқаруда. Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс та жолға қойылған. ҚК атқарылған жұмыстары туралы ақпаратты аудандық қоғамдық-саяси «Қордай шамшырағы» – «Кордайский маяк» газеті арқылы 7 мақала жарияланды. Қоғамдық кеңестің қарауына жеке тұлғалардан 5 өтініш келіп түскен. Арыз–шағымдар тиісті мекемелерге жіберіліп, өтініштері қанағаттандырылды.

Қордай аудандық

Қоғамдық кеңес төрайымы                                                                                                                                                                Б.Қарамолдаева

Добавить комментарий