2019 ЖЫЛҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОРДАЙ АУДАНЫ

  Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің 2019 жылдың І жартыжылдығына арналған  жоспар бойынша атқарған жұмыстарының есебі

            

  Қордай аудандық қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасы Қоғамдық кеңес туралы заңы мен  Қазақстан Республикасы үкіметінің 2015 жыл 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысының талаптарына сәйкес аудандық мәслихаттың 5 наурыз 2019 жылдың № 46-3 шешімімен Қоғамдық кеңес қайта құрылып, осы қаулымен бекітілген  Қоғамдық кеңестің үлгі Ережесі негізінде өз қызметі мен өкілеттігін іске асыруда.

 

          Қоғамдық кеңес өкілеттілігі кеңес  төралқасы, комиссиялар, жұмыс тобы және әрбір мүшенің  қызметі негізінде атқарылады. Кеңес төралқасы 3 комиссияның қызметін басқарады,  жоспарға енгізілген сұрақтар бойынша отырыстар және кеңес жұмысының ақпараттық қолдауын ұйымдастырады. 

 

     Қоғамдық кеңес мүшелері ауданда өткізіліп отырған жиындар мен жиналыстарға, аудандық  жұмыс комиссиялары мен топтарының іс әрекеттеріне белсенді түрде атсалысып келеді.

  1. Үстіміздегі жылдың ақпан айында аудан әкімдігінің мәжіліс залында ҚК мүшелерінің қатысуымен  аудан әкімі Б.Байтөленің 2018 жыл атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Қоғамдық кеңес отырыстарында төмендегідей мәселелер зерделеніп, талқыланды:

  1. Қордай ауылындағы базарларды зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша «Бауырхан» – «Үсен ұлы» базарларының басшыларының есебі тыңдалды, кемшіліктер бойынша іс-шара қабылдау ұсынылды.
  2. Мектептегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға тегін ыстық тамақ ұйымдастыру және буфеттегі азық-түлік сапасын зерделеу жұмыстары бойынша  Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Е.Нұралиев пен Қордай аудандық орталық аурухананың бас дәрігері З.Қадырбекованың есептері тыңдалды, тиісті ұсыныстар берілді.
  3. Қордай ауданы бойынша жергілікті полиция қызметінің зерделеу жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды, тиісті ұсыныстар берілді.
  4. Почта байланысының халыққа қызмет көрсетуін зерделеу жұмыстарының 

қорытындысы бойынша АҚ «Қазпочта» Жамбыл облыстық филиалының директоры Б.Б.Пірәліге хат жолданды.

  1. Қордай ауылы халқын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының қорытындысы қаралды. «Ақсу Қордай» ЖШС-ның басшысы Р.Мұнатаеваның есебі тындалып, тиісті ұсыныстар берілді.

 

     Қоғамдық кеңес мүшелері құқықтық нормативтік актілер жобасын талқылап, мемлекеттік мекемелерге ұсынымдар береді, бірінші жартыжылдықта – 18 жоба қаралып, ұсыным берілді. Жобаларды қарау кезінде заңнамалық мерзімдер  сақталды.

 

      Қоғамдық кеңестің қарауына жеке тұлғалардан 7 өтініш келіп түскен. Арыз–шағымдар тиісті мекемелерге бағытталып, өтініштері қанағаттандырылды.

Қордай аудандық

Қоғамдық кеңес төрайымы                                                Б.Қарамолдаева

Добавить комментарий