2018 жылБАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОРДАЙ АУДАНЫ

Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің 2018 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жоспар бойынша атқарған жұмыстарының есебі

     Қоғамдық кеңес отырыстарында жоспар бойынша төмендегідей мәселелер зерделеніп, талқыланды:

    Қазақстан Республикасының «Баршаға арналған тегін кәсіптік-          техникалық білім беру» жобасына сәйкес, Қордай ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы Қордай ауылшаруашылық колледжі мен №7 Бетқайнар колледжі директорларының есебі тындалды, тиісті ұсыныстар берілді.

    Төтенше жағдай департаменті өрт сөндіру бөлімі Қордай  аудандық бөлімшесінің жұмысы зерделеніп, тиісті ұсынымдар берілді.

    Қордай ауылындағы базарларды зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша «Бауырхан» базарының басшысының есебі тыңдалды, кемшіліктер бойынша іс-шара қабылдау ұсынылды.

    Аудандық әскери комиссариатының жұмысын зерделеу жүргізілді. Тиісті іс-шаралар қабылдау туралы ұсыным берілді.

  1.      Нормативтік – құқықтық актілерге ұсыным беру:

    Ауылдық мектептер базасында ауыл тұрғындары үшін электронды қолтаңбамен мемлекеттік қызметтерді Online режимінде (интернет арқылы) алуды үйрету курстарын тегін оқытуды ұйымдастыру.

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 5-бабына сәйкес: аудандық бюджеттік комиссиясының  2018 жылғы 13 тамыздағы №5 хаттамасындағы 2018 жылға арналған аудандық бюджетін нақтылау бойынша ұсыныстарын ескере отырып, 2018 жылға арналған аудандық бюджетіне енгізілген өзгерістердің жобасын мақұлдап, бекітуге ұсыным берілді.

    Қордай ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекітуге ұсыным берілді.

    Аудандық бюджеттік комиссиясының  2018 жылғы 03 қыркүйектегі №6 хаттамасындағы 2018 жылға арналған аудандық бюджетін нақтылау бойынша ұсыныстарын ескере отырып, 2018 жылға арналған аудандық бюджетіне енгізілген өзгерістердің жобасын бекітуге ұсыным берілді.

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының негізінде және «Қордай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы №31-7 шешіміне сәйкес, Отар ауылдық округінің Отар ауылы Ноғайбай, Б.Момышұлы көшелерінің кезекпен бағатын отарының қой-ешкі малдарының арасынан бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты, Қордай аудандық бас мемлекеттік инспекторының 2018 жылғы 28 тамыздағы №02/83 ұсынысы негізінде шектеу режимін белгілеуін мақұлдап, бекітуге ұсыным берілді.

    Бюджеттік комиссиясының 2018 жылғы 03 қыркүйектегі №6 хаттамасындағы 2018 жылға арналған ауылдық округтерінің бюджеттерінің нақтылауы бойынша ұсыныстарын ескере отырып, 2018 жылға арналған ауылдық округтерінің бюджеттеріне енгізілген өзгерістердің жобасын мақұлдап, бекітуге ұсыным берілді.

    «Қордай ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» қаулы жобасы мен ұсынылған қаулы қосымшасын қарап, бекітуге ұсыным берді.

    Қордай ауданы әкімдігінің «Қордай ауданының елді мекендерінде салық салу обьектісінің орналасқан жерін ескертетін аймаққа бөлу коэффициентерін бекіту туралы» Қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 6 қазанындағы №568 нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу мемлекеттік тіркеу және оларды күшін жою қағидаларын бекітуге келісім берді.

    Қордай  ауданы әкімдігінің  жер қатынастары бөліміне   Қазақстан Республикасы Жер кодексінің  43-1 бабына сәйкес ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне конкурс  ұйымдастырылуына байланысты шаруа қожалығын және ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін  жер пайдалану құқығын беру жөнінде конкурсқа шығарылатын учаскелерінің тізбесі мен олардың  орналасу схемаларын бекітуге келісім берді.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанындағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының талаптарына сәйкес 2018 жылғы 02 шілдесіндегі №237 қабылданған шешіміне өзгеріс енгізу туралы жобаларына келісім  берді.

    Қордай ауданы әкімінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Сайлау учаскелерін құру туралы» №3 шешіміне өзгерістер енгізуге келісім берді.

    Аудандық бюджеттік комиссиясының  2018 жылғы 26 қарашадағы №8 хаттамасындағы 2018 жылға арналған аудандық бюджетін нақтылау бойынша ұсыныстарын ескере отырып, 2018 жылға арналған аудандық бюджетіне енгізілген өзгерістердің жобасын мақұлдап, бекітуге ұсыным берді.

    Аудандық бюджеттік комиссиясының  2018 жылғы 26 қарашадағы №7 хаттамасындағы 2018 жылға арналған Қордай ауданы ауылдық округтерінің бюджеттерінің нақтылауы бойынша ұсыныстарын ескере отырып, 2018 жылға арналған  ауылдық округтерінің бюджеттеріне енгізілген өзгерістердің жобасын мақұлдап, бекітуге ұсыным берді.

    Аудандық бюджеттік комиссиясының  2018 жылғы 12 желтоқсандағы №10 хаттамасындағы 2018 жылға арналған аудандық бюджетін нақтылау бойынша ұсыныстарын ескере отырып, 2018 жылға арналған аудандық бюджетіне енгізілген өзгерістердің жобасын мақұлдап, бекітуге ұсыным берді.

    Аудандық бюджеттік комиссиясының  2018 жылғы 21 желтоқсандағы №11 хаттамасындағы ұсыныстарын ескере отырып, 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын мақұлдап, бекітуге ұсыным берді.

    Аудандық бюджеттік комиссиясының  2018 жылғы 25 желтоқсандағы №12 хаттамасындағы ұсыныстарын ескере отырып, 2019-2021 жылдарға арналған ауылдық округтерінің бюджеттерінің жобасын мақұлдап, бекітуге ұсыным берді.

    Кеңейтілген отырыстарда және халықпен кездесу барысында үгіт-насихат тобымен бірге Елбасының Жолдауы насихатталды.

    ҚК атқарылған жұмыстары туралы ақпаратты аудандық қоғамдық-саяси «Қордай шамшырағы» – «Кордайский маяк» газеті арқылы жарияланды.

    Қоғамдық кеңестің қарауына жеке тұлғалардан 10 өтініш келіп түскен. Арыз–шағымдар тиісті мекемелерге жіберіліп, өтініштері қанағаттандырылды.

 

Қоғамдық кеңес төрайымы                                          Б.Қарамолдаева

Добавить комментарий