2018 жылҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОРДАЙ АУДАНЫ

Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебі

Қордай аудандық қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасы Қоғамдық кеңес туралы заңы мен Қазақстан республикасы үкіметінің 2015 жыл 31 желтоқсандағы № 1194 Қаулысымен бекітілген қоғамдық кеңестің үлгі Ережесі негізінде өз қызметі мен өкілеттігін іске асыруда.

Қоғамдық кеңес өкілеттілігі кеңес  төралқасы, комиссиялар, жұмыс тобы және әрбір мүшенің  қызметі негізінде атқарылады. Кеңес төралқасы 5 комиссияның қызметін басқарады,  жоспарға енгізілген сұрақтар бойынша отырыстар және кеңес жұмысының ақпараттық қолдауын ұйымдастырады.

2018 жыл қоғамдық кеңес ауданның дамуына байланысты барлық сала бойынша көтерілген мәселелерді және  Ауданның  2020 жылға дейінгі «Әлеуметтік –экономикалық  даму стратегиясының» жобаларын талқылауға қатысты.  Қоғамдық кеңес мүшелері ауданда өткізіліп отырған жиындар мен жиналыстарға, аудандық  жұмыс комиссиялары мен топтарының іс әрекеттеріне белсенді түрде атсалысып келеді. Атап  айтсақ:

  1. Аудандық мәслихат сессиясында ҚК мүшелерінің қатысуымен аудан Әкімі Б.Байтөленің 2017 жыл атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.
  2. Аудандық бюджеттік комиссиясының 12 және 16 наурыздағы отырыстарында ауылдық округтер бюджеттерінің нақтылауы бойынша ұсыныстарды талқылауға қатысты.

Қоғамдық кеңес отырыстарында төмендегідей мәселелер зерделеніп, талқыланды:

  1. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы басшысы О.Сейдекештің есебі тыңдалды.
  2. «Жұмыспен қамту және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау» бағытында қордаланған мәселелері бойынша Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы А.Заурбаеваның есептері тыңдалды.

3.Тұрғын үй комумуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы А.Имаров «Автомобиль жолдарының қыс мерзіміндегі күтімі туралы» есеп берді.

  1. А І І Жергілікті полиция бастығы H.Төлеушовтың есебі тыңдалды.
  2. Қоғамдық кеңес қарауына ұсынылған 15 нормативтік-құқықтық актілерге ұсыным берілді.

 

Сонымен қатар тамақ өнімдерінің бағаларының  өсуіне байланысты 20.01.2018 жылы базарларға, дүкендерге мониторинг жүргізілді.

  • Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде аудандық  жұмыспен қамту орталығына  және  аудан әкімдігінің жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдармалар бөліміне ұсыныстар берілді.
  • Мектептегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға тегін ыстық тамақ ұйымдастыру туралы және буфеттегі азық-түлік сапасын мониторингі жүргізіліп, тиісті ұсынымдар берілді.

2018 жыл сәуір айында қоғамдық тыңдау өткізілді. Қоғамдық тыңдау «Аудандық орталық аурухананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстары және халыққа көрсетіліп отырған қызмет сапасы   туралы» атты тақырыпта өткізілді. Қорытынды хаттама негізіндегі ұсынымдар тиісті ұйымдарға жіберілді.

 

Кеңейтілген отырыстарда және халықпен кездесу барысында  үгіт насихат тобымен біпге Елбасының төмендегі жолдауы мен үндеуі насихатталды:

  • 2018 жыл 10 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жолдауы:Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері
  • Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі.

 

ҚК атқарылған жұмыстары туралы ақпаратты аудандық «Қордай шамшырағы»  газеті арқылы жариялап отырды, 2018 жылы  – 21 ақпарат жарияланды (екі тілде).

Қоғамдық кеңес мүшелері құқықтық нормативтік актілер жобасын талқылап, мемлекеттік мекемелерге ұсынымдар  берілді. Бірінші жарты жылдықта – 15 жоба қаралып, 14 ұсыным берілді және 1 жобаға толықтырулар арқылы қорытынды берілді. Жобаларды қарау кезінде заңнамалық мерзімдер  сақталды.  Қоғамдық кеңестің қарауына  келіп түскені 10 өтініш түсті. Оның:  8 жеке тұлғалардан, 2 заңды тұлғалардан, арыз шағымның  6-ы  тиісті мекемелерге бағытталды, 2 ҚК -те шешілді.

Арыз шағымдар бойынша 8 жеке тұлғаның  өтініші қанағаттандырылды.

 

 

 

Қоғамдық кеңес төрайымы:                          Б.Қарамолдаева

 

Добавить комментарий