2017 жылҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР

Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің 2017 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі

2016 жылы 9 ақпанда Қордай аудандық мәслихатының аппараты ұйымдастыруымен өткізілген Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы бірінші отырысы өткізілді. 2016 жылы 1 қаңтарда күшіне енген Қазақстан Республикасының №383-V Заңына сәйкес Қордай ауданында ағымдығы жылдың 17 ақпанында қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының екінші отырысы ұйымдастырылып, құрамы 21 адам болып бекітілген Қоғамдық кеңес құрылды.

Қазақстан республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 10 бабының 2 тармағына сәкес 2016 жылы 17 ақпанда өткізілген Қордай аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу бірінші сессиясының бесінші шақырылымында Қоғамдық кеңес құрамы бекітілді. Сонымен қатар Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің төрайымы қызметіне Қ.Қыпшықбаева, ал хатшы қызметіне Б.Сағындықов сайланды. «Қордай шамшырағы» аудандық газетінде Қордай аудандық мәслихатының №51-2 шешімі жарияланды (20.02.2016ж).
2016 жылы 4 сәуірде Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің бесінші отырысында Қ.Қарлығаш өз еркімен төрайым қызметінен босатуды Қоғамдық кеңес мүшелері алдында өтінді, сол себепті Б.Әлімбет төраға қызметіне ұсынылды және кеңес мүшелері ұсынысты қолдап, Қоғамдық кеңестің алтыншы отырысында шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 8 бабының 4 тармақшасына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы 2016 жылы 9 ақпанда бекітілді.
2016 жылы 17 ақпанда Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өткізілді. Отырыста 5 комиссия:
– Бюджет, қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия;
– Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөніндегі комиссия;
– Аграрлық саясат, ауылдық аумақтарды дамыту, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану, техногендік үрдістер мәселелері жөніндегі комиссия;
– Кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс және коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссия;
– Әлеуметтік-мәдени салалар және қоғамдық , үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі комиссия құрылып, комиссия төрағаларымен мүшелері және 8 адаманан төралқа құрамы сайланды: Қ.Қыпшақбаева; Б. Сағындықов; Б.Әлімбет; Р.Нұрсипатов; А.Бегалиева; Н.Молдабеков; Е.Әден; А.Ануарбекова.
Бесінші шақырылған Қордай аудандық мәслихатының 2016 жылдың 17 ақпанында өткен кезектен тыс 51-ші сессиясында Қоғамдық кеңестің Ережесі бекітілді.
Аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы С.Тұрғынбайдың 2016 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы Қоғамдық кеңес алдында есебі 2017 жылы 13 ақпанда тыңдалды.
Қордай ауданы әкімі Қайрат Әскербекұлы Досаевтың 2016 жылғы атқарған жұмыстары туралы Қоғамдық кеңес алдында есебі 2017 жылы 17 ақпанда тыңдалды.
2017 жылғы 7 наурызда Қордай аудандық мәслихатының хатшысы Р.Нұрсипатовтың төрағалығымен Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс өткізілген отырысында Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Әлімбеттің өтініші бойынша Қоғамдық кеңес төрағасы қызметінен босатылып, Қоғамдық кеңес төрағасы қызметіне Т.Нұрмаханбетов сайланды.
Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің бекітілген жұмыс жоспары бойынша 2017 жылы қазан айында АІІБ миграция бөлімінің тұрғындарды құжаттандыру бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы есебін және Аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы С.Тұрғынбайдың 2017 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы 2017 жылдың 9 айлық есебі тыңдалады.
Қоғамдық кеңестің нормативтік-құқықтық актілерге ұсыным беруі туралы ақпараттары:
1. «2017 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру үйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» жобасы қаралып оң қорытынды берілді. 2. «Аудан, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» жобасы қаралып оң қорытынды берілді.
3. «Қордай ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидасын бекіту
туралы» жобасы қаралып оң қорытынды берілді.
4. «2017 жылға арналған аудандық бюджетіне енгізілген өзгерістер туралы» жобасы қаралып оң қорытынды берілді
5. «Қордай ауданы бойынша әлуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 39-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Қордай аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.
7. Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы.
8. Ноғайбай ауылдық округінің Ноғайбай ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы.
9. Қақпатас ауылдық округінің Қақпатас ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
10. Степной ауылдық округінің Степной ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
11. Сарыбұлақ ауылдық округінің Сарыбұлақ ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
12. Бетқайнар ауылдық округінің Бетқайнар ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
13. Отар ауылдық округінің Отар ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
14. Сортөбе ауылдық округінің Сортөбе ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
15. Масаншы ауылдық округінің Масншы ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
16. Ауқатты ауылдық округінің Ауқатты ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
17. Қордай ауданындағы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы.
18. Сұлутөр ауылдық округінің Көктөбе ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
19. Қордай аудандық қоғамдық кеңесі 2017 жылға арналған аудандық бюджетіне енгізілген өзгерістердің жобасын мақұлдап, бекітуге ұсыным берілді.
20. 2017 жылға арналған аудандық бюджетіне енгізілген өзгерістердің жобасын мақұлдап, бекіту туралы
Қордай аудандық қоғамдық кеңесі қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың 14 өтініштері қаралып, барлығына толық қанағаттандырарлықтай жауап берілді. Сонымен қатар азық-түлік өнімдерінің өсуіне байланысты 2017 жылдың шілде айында аудан орталығындағы маркеттік дүкендерге ауылдық округ әкімшілігімен бірлесе рейт-мониторинг жүргізілді. Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелері және мәслихат депутуттары бірлесе отырып Қордай аудандық округтердегі жағдайлар бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізуші жұмысшы топтарын құрып ауылдық округтердегі шешімін таппай жатқан мәселелерді анықтады. Анықталған мәселелер Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлеге және мәслихат хатшысы Р.Нұрсипатовқа хабарланды. Сонымен қатар Қордай АПБТ басшысы Ж.Ү.Сугурбековке, Қордай аудандық Орталық Ауруханасының бас дәрігері З.К.Кадырбековаға, Ветеринария бөлімінің басшысы Т.Е.Қожабергеновке, Қордай ауданының Бас имамы Д.Жандосұлына, Қордай аудандық әкімшілігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Б.Омаровқа, ауданымыздың прокуроры Әділет кеңесшісі Н.Қ.Асабаевқа, КМК «Қордай-Су» басшысы С.А.Қашағанов мырзаға, білім бөлімінің басшысы К.Ж.Райымқұловқа және ІІБ-нің көші-қон қызметінің басшысы полиция капитаны Д.Саламатовқа тиісті шешімін таппай тұрған түйткілді мәселелерді хабарладық.
«Қордай Шамшырағы» аудандық газетінде Отар аймағындағы елді мекендерде мемлекеттік тапсырмалардың орындалу барысы және әлеуметтік–мәдени салада атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Қоғамдық кеңес мүшелері және аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесе жүргізілген зерделеудің қорытындысы жайлы мақала жарияланды (30.09.2017ж.).
Қазіргі уақытта Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелігінде 21 адам. Кеңес отырыстары арасында жұмыс жүргізу үшін 7 адамнан тұратын төралқа мүшелері бар, 5 тұрақты комиссия жұмыс істейді. Қоғамдық кеңестің бекітілген жұмыс жоспары бойынша және жоспардан тыс жұмыстары орындалуда.

23.11.2017 ж Қордай аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметіне Қарамолдаева Баян Назикеевна сайланды.

Қордай аудандық Қоғамдық
кеңес төрайымы Б.Қарамолдаева

Добавить комментарий