ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОРДАЙ АУДАНЫ

Қордай аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері бекітілді

2016 жылы елімізде қоғамдық кеңестердің құрылғаны белгілі. Заңнамаға сай олардың өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Осыған орай аудандық қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл мақсатта Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмысшы топ ұйымдастырылып, аудандық газетте қоғамдық кеңес құрамына конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланып, 15 адамнан тұратын жаңа құрам белгіленді. Барлығы 22 арыз түсіп, атап айтқанда 2 азамат мемлекеттік орган, 6 азамат коммерциялық емес ұйым атынан ұсынылса, 14 адам өздерін ұсынды. Содан кейін түскен арыздар талқыланып, әр кандидат бойынша ашық дауыс беру басталды. Үш кандидат өз еркімен бас тартып, төртеуі аз дауыс жинады, 15 адам қоғамдық кеңес құрамына сайланып, құрам мәслихат сессиясында бекітілді.

 

 

Добавить комментарий