2020 жылДенсаулық сақтау басқармасыЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫЖАҢАЛЫҚТАР

Облысымызда жедел жәрдем шақыртуларының саны 1200-1300-ге дейін азайды

Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем стансасында тәулігіне облыс бойынша 93 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетуде, оның ішінде Тараз қаласы бойынша 43 бригада шақыртуларға шығады. Жедел жәрдем бригадалары медициналық қызметкерлермен толық қамтамасыз етілген. Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының орталық базасында 103 Call-орталығы орналасқан, облыс бойынша тәулік бойы түскен шақыруларды 12 диспетчер қабылдайды. Қабылданған қоңырауларды 4  эвакуатор-диспетчер шығу бригадаларына бөліп, үйлестіріп отырады. Сондай-ақ, қосымша 2 сенім телефоны қосылған, тәулік бойы оған екі аға дәрігері жауап береді. Пандемияның бірінші толқыны кезінде шақыртулар саны тәулігіне 2000-нан аса болған, яғни шақыртуларға кешігулерді азайту мақсатында қосымша арнайы 5 мобильді бригада медициналық қызмет көрсеткен. Қазіргі таңда облысымызда жедел жәрдем шақыртуларының тәуліктік саны 1200-1300-ге дейін азайды. Екінші толқынға дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгінде барлық жедел жәрдем бригадалары дәрі- дәрмектермен, қажетті құрал-жабдықтармен және жеке қорғаныш құралдарымен толығымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан қосымша тағы екі айлық қорға бір реттік қолдануға арналған 60 мың дана обаға қарсы костюмдер, 1000 дана қорғаныш көзілдіріктер, 100 мың дана медициналық қолғаптар, 100 мың дана бетперделерге тапсырыстар берілді.
Облыстық жедел жәрдем стансасында 135 санитарлық автокөлік тіркелінген, оның 48%-ының (65 көлік) есептен шығаруға құжаттары берілген. Алдағы уақытта қосымша лизингі бойынша 2020 жылдың соңына дейін 52 санитарлық автокөліктер беріледі деп күтілуде.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Добавить комментарий